Әдебиет • 29 Қазан, 2018
Құштар көңіл жазбалары. Сыншы Сағат Әшімбаев күнделіктерінен туған ой
Белгілі әдебиет сыншысы, мемлекет және қоғам қайраткері Сағат Әшімбаевтың үш томдық шығармалар жинағының үшінші томы жарыққа шықты. Аталған томға негізінен 45 дәптерден тұратын күнделіктерінен алынған жазбалары топтастырылған. Сыншылық күнделіктері туралы филология ғылымдарының докторы, профессор Құлбек Ергөбектің толғамды ойларын оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Әлем • 29 Қазан, 2018
Мұхаммед Хайдар Дулати немесе Кашмирге барған төртінші ғылыми және мәдени экспедиция
Тараздан профессор Сәмен Құлбарақ мырза телефон соғып, Қазақстанның Үндістандағы Төтенше және өкілетті елшісі Болат Сәрсенбаев мырзадан Кашмирдегі «Мазар-и Салатиндегі» – «Сұлтандар мазарындағы» Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551) зиратын Үндістан тарапы жөндеп, ретке келтіргенін, соған байланысты оны ресми түрде ашуға М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті де қатысса деген ұсыныс түскенін хабарлады.
Қазақстан • 29 Қазан, 2018
Биология ғылымының болашағы бұлыңғыр
Қазақстанда биология ғылымының даму тарихы ең қиын кезеңдердің бірі – Ұлы Отан соғысы кезінен бастау алады. Сол кездегі экономикалық жағдайдың қиындығына қарамастан, бірқатар ғылым саласын, соның ішінде биологиялық бағытты қарқынды дамыту туралы республика басшылары нақты шешімдер қабылдады. Бұл экономиканы дамытудағы негізгі қажеттілік, сондай-ақ халықты өнеркәсіптік тауарлармен, дәрі-дәрмек, азық-түлікпен қамтамасыз етуге тікелей байланысты еді.
Ýaqyt ózgerdi dep jatamyz. Ýaqyt ózgermeıdi, ýaqyt – turlaýsyz. О́zgeretin ózimiz – adam. О́ıtkeni ebin tappasańyz tuz jalaısyz. Bul – ot basyp, opyq jemeseńiz de, qataryńyzdan qalasyz degen sóz. Al kim qarnynyń toq, kóıleginiń kók, ýaıymynyń joq bolǵanyn qalamaıdy. Sol sebepti de shyǵar, qatardan qalǵannan góri ot basyp, opyq jeıtin, túbinde tutylatyn jol – jemqorlyqqa jeń ushyn tosa beredi. Birin jasyryp alady, birin basynyp alady.
Әлем • 29 Қазан, 2018
Шығыс Азия аймағының қауіпсіздігі алпауыт елдердің қолында
Қазақстан ядролық қарусыз әлем құрудың тиімді, ізгілікті жолын іс жүзінде көрсетіп келе жатқан мемлекет. Сондықтан да біздің еліміз әлемдік қауіпсіздік саласына тікелей қатысты дау-дамайлар мен кикілжіңдерге сергек қарайды. Осы орайда АҚШ тарапының таяуда жариялаған Орта және қысқа қашықтыққа ұшатын зымырандарды жою туралы келісімнен шығуға ниет танытқан мәлімдемесі нені білдіреді? Бұл жағдай қандай салдарларға соқтыруы мүмкін?