Қазақстан • 30 Қазан, 2017
Астанада Сирия келіссөздері басталды
30-31 қазан күндері Астанада Сирия бойынша келіссөздердің жетінші раунды өтеді, деп хабарлайды РИА Новости.
Қазақстан • 30 Қазан, 2017
Жаңа әліпби тіліміздің ұлттық сипатын арттырады - ҰҒА академигі
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойып, халқымыздың рухани кеңістігіне тарихи жол ашып отыр. Бұл заман талабынан туындап отырған кемел оқиға.
Қазақстан • 30 Қазан, 2017
Жұмыскер құқын бұзғандарға шара қолданылды
Мемлекеттік еңбек инспекторлары биыл 9 ай ішінде 7 743 тексеру жүргізген. Шара барысында мекемелерде заң талаптарын сақтау жағдайы сарапқа салыныпты. Нәтижесінде 11 019 құқық бұзушылық тіркелсе, оның 212-сінде жұмыс уақыты сақталмаған. Ал еңбек қатынасына қатысты адам құқы 7 400 рет бұзылған.
Қазақстан • 30 Қазан, 2017
Адал еңбек – ауқатты тұрмыс арқауы
Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Еңбек күні және Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне арналған «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» республикалық форумы өтті. Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қатысқан шарада «Еңбек жолы» мен «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері» байқауларының жеңімпаздары марапатталды.
Қазақстан • 30 Қазан, 2017
Қазақстан мен Әзербайжанды байланыстыратын ортақ көпір
Қазақстан мен Әзербайжан – ежелден достығы жарасқан мемлекеттер. Екі елдің арасында дипломатиялық қарым-қатынас орныққан ширек ғасыр ішінде ынтымақтастықты барлық салада дамыту мәселесі ұдайы жүргізіліп келеді. Бүгін ашылғалы отырған Баку – Тбилиси – Карс темір жол желісі де – қос мемлекеттің көлік-транзиттік әлеуетін арттырудың маңызды стратегиялық жобасы.