Қазақстан • 14 Қазан, 2019
Күрмеуі күрделі кооперативтердің күні бітті ме?
Алғаш құралғаннан бергі жиырма жылдан астам уақытта «жауырды жаба тоқымдап» келген ПИК-тердің (пәтер иелері кооперативтері) күні бітіп, соңғы тұяқ серпер сәті туған сияқты.
Қазақстан • 14 Қазан, 2019
Тәлім мен тәжірибе ұштасқан ұя
Бұл екеуі адам тіршілігінің қос қанаты сияқты. Бірі болғанмен екіншісі болмаса шыңға шығып, биікті бағындыру қиынға соқпақ. Алған білім, тамған тердің өтеуі білімді, білікті һәм сапалы маман болумен сабақтасатыны белгілі. Жоғары оқу орнында жинаған төрт жылдық білімін төрге оздыра алмай, пайдаға жарата алмай қапа болып жүрген қатарластарымыз да қаншама. Ол сабаққа деген салғырттықтан ба, мақсатқа деген махаббатсыздықтан ба, жоқ әлде әуелгі арманның әлсіздігінен бе?! Білім мен еңбекті бірге оқытып жүрген университеттердің бірі – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті.
Қазақстан • 14 Қазан, 2019
Мақтаға тамған маңдай тердің өтеуі қандай?
Еліміздің оңтүстігінде ғана жолға қойылған мақта шаруашылығының былайғы елге біліне бермейтін мың сан машақаты бар. Ақ ұлпаның бағасы жоғары болғанда ғана ала жаздай еткен еңбек ақталады. Сол себепті шығар, жерге шит себілгеннен «Биылғы баға қандай болады екен?» деген сауал жиі қойылады.
Аймақтар • 14 Қазан, 2019
Қазақтың жаны, нәр алатын рухани түп-тамыры – ауыл. Елін сүйетін әр азаматтың кіндігі – қасиетті ата-баба мекеніне байлаулы. Сондықтан да мемлекеттің дамуында ауылдың орны мен қосар үлесі ерекше.
Руханият • 14 Қазан, 2019
Жошы ұлысының жоғалған шаһарлары
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ұйымдастырған халықаралық ғылыми-зерттеу экспедициясы жақында Алтын Орда астаналарын автокөлікпен аралап шықты. Сарайшықтан басталған сапар бүгінде Ресей Федерациясы аумағында жатқан ортағасырлық көне шаһарлар орнымен жүріп өтті.