Руханият • 06 Қазан, 2017
Биыл еліміздің тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі Алаш үкіметінің құрылғанына 100 жыл толды. Осы айшықты датаға орай, Алаш арыстарының жанында жүрген, олардың азаттық жолындағы ерен істеріне қолынан келгенше қолғабыс жасаған азаматтар туралы да айту парыз.
Қазақстан • 06 Қазан, 2017
Ирандық делегация оңтүстіктің инвестициялық әлеуетімен танысты
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Иран Ислам Республикасының Хорасан Разави провинциясының губернаторы Алирез Рашидиан бастаған делегациямен кездесті. Аймақ басшысы шетелдік қонақтарды Оңтүстіктің инвестициялық әлеуетімен, ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерімен таныстырды.
Қазақстан • 06 Қазан, 2017
«Нұрлы жол» вокзалында бағдарлық ақпараттық қызмет ашылды
«Нұрлы жол» вокзал кешенінде Қазақстанда тұңғыш рет қаланың ақпараттық картасында 2ҚАЖ (қалалық ақпараттық желі) қызметі кезең-кезеңімен көрініс табатын көлік бекеті ретінде тұңғыш жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Қазақстан • 06 Қазан, 2017
Павлодар облысында 3,5 мың бос жұмыс орны бар
Павлодар облысында 455 түрлі мамандық бойынша 3,5 мыңға жуық бос жұмыс орыны бар. Оның 1 мыңға жуығы ауылдық аймақтарда. Бұл туралы кеше облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Меруерт Есембаева «Серпін-2050» бағдарламасымен келген жастармен кездесу барысында айтты.
Әдебиет • 06 Қазан, 2017
Өзінің мемлекеттігін мейлінше нығайтып, әлем таныған елге айналған Қазақстан Республикасы даму жолында әлеуметтік-экономикалық саланы, өндірістік және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытуға басымдықтар берумен қатар, рухани салалардың да көкейкесті мәселелерін алға шығарып отыр. Осыған орай Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2017 жылдың 12 сәуірінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты тарихи мақаласын жариялап, онда ХХІ ғасырдағы ұлттық санаға қатысты прагматизм, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның эволюциялық жолмен дамуы, сананың ашықтығы сияқты бағыттарды көрсетіп берді. Сондай-ақ рухани жаңғыру ұлттық кодты сақтаудан басталатынын айрықша атап өтті.