Тарих • 11 Қазан, 2023
Өткен ғасырдың басында капиталистік қатынасы жаңа қалыптасқан Ресейдің құрамдас бөлігі болған қазақ жеріне де сауда-саттықтың тереңдеп кіре бастағаны көзіқарақты оқырманға белгілі. Ұзақ жылдар бойы дағдарыстан шыға алмай келе жатқан қазақтың дәстүрлі мал шаруашылығына да жаңа экономикалық жағдай әсер ете бастады. Тауарлы-ақша қатынасы қазақ шаруаларын жаңа жағдайға икемделуге итермеледі. Олар енді мал шаруашылығы өнімдерін Ресей нарығындағы бәсекеге төтеп бере алатындай сапалы дайындауды жолға қойды.
Таным • 11 Қазан, 2023
Жылыой өңіріндегі бұрынғы «Қосшағыл» кеңшарының алыс мал жайылымында орналасқан немесе Тоқсанбай тұрағынан терістікке 51, аудан орталығы – Құлсарыдан шығыста 250 шақырым қашықтықтағы Қызылүйік ескерткіші Қазақстан археологтерінің кейінгі жылдарғы тағы бір ден қояр ірі жаңалықтарының бірі еді. Осынау екі мың жылдан астам тарихты ішке бүккен ғажайып ғибадатхана сармат дәуірінің Арал-Каспий теңіздері аралығындағы теңдесі жоқ ірі архитектуралық туынды. Адамдардың шаман дініне бас ұрып, Күнге табыну, соғыс құдайын пір тұтқан кездегі бұл ескерткіш алып жатқан аумағының молдығына қазақ археологиясында тұңғыш рет еш техниканың көмегінсіз қол күшімен аршылып, атқарылды. Осының өзі-ақ ондағы қазба жұмыстарының өте сақтық, қырағылықпен жүргізілгендігін көрсетпей ме?
Технология • 11 Қазан, 2023
ChatGPT алгоритмі дерекқорын пайдалана отырып, кез келген сұраққа жүйелі жауап бере алады. Біз мақалада көтерілген мәселелерді жасанды интеллектінің өзімен талқылап көрдік. Оған толғандырған сұрақтарымызды қойып, жауап алдық.
Олимпиада • 11 Қазан, 2023
Париж Олимпиадасы: Қандаладан қандай қауіп бар?
Парижде алауы тұтанатын XXХIII жазғы Олимпия ойындарының басталуына бір жылдан аз уақыт қалғанда ұйымдастырушылар тағы бір маңызды мәселеге тап болды. Франциялықтар төрт жылдықтың басты додасы жақындаған сайын Сена өзеніндегі суды қалай тазартамыз, Париж көшелеріндегі баспанасыздармен қалай күресеміз, әлемдік геосаяси жағдай қашан аяқталады екен деп бас қатырып жүргенде, «жығылған үстіне жұдырық» дегендей, бүкіл елге жайылған қандала жәндігі Франция билігін аяққа тік тұрғызды.
Тағайындау • 11 Қазан, 2023
Су ресурстары және ирригация вице-министрі тағайындалды
ҚР Үкіметінің қаулысымен Ерболат Мақсұтханұлы Ибрайханов ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі болып тағайындалды. Ол тарифтік саясат пен құрылыс мәселелеріне жетекшілік етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.