Аймақтар • 11 Қазан, 2023
Франциядан келген делегация: облыстың денсаулық саласына қызығушылық танытты
Қай саланы болсын халықаралық талаптар деңгейіне көтеру керек. Мұнсыз болмайды. Сондықтан шет елдердің тәжірибесін де, қаржысын да пайдаланудың оңтайлы жолдарын іздестірген абзал. Бұдан ұтпасақ, ұтылмаймыз.
Қазақстан • 11 Қазан, 2023
Ауғанстанның батыс аумағында болған зілзала (эпицентрі – Герат провинциясында) салдарынан 2 500-ге жуық адам қаза болып, 9 мың тұрғын жараланды. 2 мың үй қирап, халық баспанасыз қалып отыр. Табиғи апаттан кейін еліміздің Үкіметі ауған халқына шұғыл гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдады.
Аймақтар • 11 Қазан, 2023
Көк түтінін будақтатқан ескі қоғамдық көліктерді қаладан таппайсыз қазір. Кешегі күнге дейін тозығы жеткен автобустар жолаушы тасымалдап келген. Кейінгі уақытта тіпті қала тұрғындары қынжылыс білдіріп, әлеуметтік желіге фото-видеоларын жүктеп кеткен еді. Енді ұмыт бола бастады. Қазір Қарағандыда жаңа автобустар жүйткіп жүр. Маусым сайын қаланың автопарктері жаңарып жатыр.
Ғылым • 11 Қазан, 2023
Дәнел МАРҒҰЛАН: Әкемнің мұрасы толық зерттелген жоқ
Академик Әлкей Марғұлан 1975-1985 жылдары тұрған үй бүгінде кішігірім мұрағатқа айналған. Бұл үйде қазір ғалымның қызы Дәнел Әлкейқызы тұрады. Әке мұрасына ыждағатпен қарай отырып, оның әр парағына шаң жуытпай, жарыққа шығарумен айналысып келеді. Кезінде академик Қаныш Сәтбаевтың «Әлкей Марғұланда үлкен қазына бар, оны шашау шығармай қағазға түсіріп алу керек» деп айтқанының дәлеліндей, осы шаңырақта сақталған академиктің хатқа түскен жазба мұрасы жеке зерттеулерге сұранып-ақ тұр. Дәнел апай ғалымның мұрағат қорындағы зерттеулер тақырыбының сан алуан екенін әрі оларды ғылыми айналымға енгізу керегін алға тартты.
Қоғам • 11 Қазан, 2023
Қазір жастардың 36,5 пайызы үй жалдап тұрады. Ал 22,5 пайызы туысының баспанасын жағалап жүр. Бұл мәліметтер «Жастар» ғылыми зерттеу орталығы жүргізген сауалдама нәтижесінде белгілі болды. Сауалдамаға еліміздің түкпір-түкпіріндегі 14 пен 35 жас аралығындағы 2 мың азамат қатысқан.