Аймақтар • 15 Қазан, 2019
Жолдың жайы қалай: Мамандар жетіспейді
Қазіргі уақытта облыс аумағында республикалық дәрежедегі Омбы – Майқапшағай және Талдықорған – Өскемен жолдарының құрылысы жүргізілуде. Жақында Шығыс Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Үкімет басшысы Асқар Мамин осы жолдардағы құрылыс барысымен танысқан болатын.
Аймақтар • 15 Қазан, 2019
Жетісу – Оңтүстік пен Шығысты жалғайтын көпір
Қазір Жетісудың жолдарына қатысты ел пікірі екіге жарылады. Бір тарап аймақтағы ішкі қатынастың сапасына оң баға берсе, екінші топ құрылысы қызу жүріп жатқан күре жолдардағы мәселені тілге тиек етері сөзсіз.
Аймақтар • 15 Қазан, 2019
Жолдың жайы қалай: Экономиканы жарылқайтын сала
Жақында Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келген Үкімет басшысы Асқар Мамин республикалық маңыздағы жолдардың құрылысымен, атап айтқанда «Қарағанды – Балқаш», «Қарағанды – Теміртау», Қарағандының Солтүстік және Шығыс айналма жолдары сынды ірі инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асу барысымен танысты.
Қоғам • 15 Қазан, 2019
Жарақаттанудың жоғары деңгейі сақталып отыр
Елімізде жарақат салдарынан жыл сайын шамамен 2100 адам бақиға аттанып, 20 мыңға жуық адам зардап шексе, олардың 1 мыңға жуығы мүгедек болып қалады екен. Қарапайым статистика осылай дейді, ал осы сандардың сыртында қаншама тағдыр жатыр.
Қоғам • 15 Қазан, 2019
Диляра Қайдарова: Обырмен күрестегі озық әдіс-тәсілдер ортаға салынады
15-17 қазан күндері Нұр-Сұлтан қаласында тұңғыш рет ТМД елдерінің Бүкіләлемдік онкология көшбасшыларының саммиті өтпек. Бүгінгі таңда обырдың өршуі өркениетті елдерді де алаңдатып отыр. «Дәтке қуат» дейтініміз, қатерлі ісікке шалдыққандар саны көбейгенімен, одан көз жұматындар саны азайып келеді. Айтулы оқиға қарсаңында осы ауқымды шараға мұрындық болып отырған еліміздің бас онкологы, Алматыдағы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрайымы Диляра Қайдаровамен әңгімелескен едік.