Аймақтар • 15 Қазан, 2019
Шымкенттік делегация Өзбекстанға аттанды
Қазақстанның Өзбекстандағы жылы және Қазақстандағы Жастар жылы аясында шымкенттік «Достық керуені» мүшелері Өзбекстанға үш күндік іссапармен аттанды. Аталған сапарды қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы және Silkyway халықаралық университеті бірлесіп ұйымдастырып отыр.
Аймақтар • 15 Қазан, 2019
Шымкентте этномәдени бірлестіктердің қатысуымен ұлтымыздың меймандостығын көрсеткен «Қазақ дастарқаны» көрме-фестивалі өтті.
Руханият • 15 Қазан, 2019
Бақыт Бөкебаев: Бекзат өнер белестері
Еліміздің қайталанбас мәдени ошағы, мың жылдан аса тарихы бар Алматы шаһарының көрнекті өнер ордасы, ақшаңқан күмбезімен сәулеті жарасқан, қазақ цирк өнерінің қарашаңырағы – «Қазақ мемлекеттік циркі» алдағы 2020 жылы жарты ғасырлық белеске қадам басқалы отыр. Цирк өнері құдіреті мен қасиеті, сиқыры қайталанбас мәнерімен ерекшеленеді. Циркте барлығы шынайы. Цирк – ержүректіктің, шамадан тыс батылдықтың, адамның, оның тәні мен рухының таңғажайып мүмкіндіктерін көрсету өнері.
Руханият • 15 Қазан, 2019
Ақын қаламындағы академик бейнесі
Байтақ даламыздың бағын асырып, бауырынан небір тектілерді түлеткен Ертіс-Баян өңірі кемеңгерлерге кенде емес. Бұқараға ой айтқан Бұхар жырауы, әулие Мәшһүр Жүсібі, Жаяу Мұсасы мен Естайы, ғылымда Қанышы мен Марғұланы, Жүсіпбек пен Сұлтанмахмұты аяулы аймақтың атын асқақтатып, беделін биіктеткен тұғырлы тұлғалардың бір шоғыры ғана десек қателеспеспіз.
Руханият • 15 Қазан, 2019
Әдебиеттің үш тегі: эпос, лирика, драма. Үш үлкен бағыт, шегі жоқ үш шалқар, басын бұлт құрсаған үш мұзарт. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» дегенімізбен, бұл әдеби жанрлар мен түрлердің әрқайсысының өзіндік мазмұны, суреттеу, баяндаудағы бөлек тәсілдері өз тарапынан жүйе құрып, сан тарау жікке бөлінеді. Асқан дарын, тума талант болмаса бұл үш құрылымның басын бірдей шалу көбінің қолайына келе бермейді. Келген күнде ол бөлек құбылыс, айрықша қаламгер, қайткен күнде көп әріптесінен бәсі басым, басы жоғары тұлға. Сегіз қырлы, бір сырлы Баянғали Әлімжанов феноменіне ден қойған уақытта біз ылғи осы оймен бетпе-бет келеміз.