Сауда • 12 Қазан, 2023
Көлеңкелі импорттың күні жақындап келеді. Контрабандалық өнімнен көз аша алмай қалған көлеңкелі аяқкиім нарығын тазартуға мемлекет шындап кіріскен сыңайлы. Өйткені бұл көптен бері орайы келмей жүрген оңтайлы іс еді. Тұтынар өнімнің табанына цифрлап таңба басу «солақай» табыс тапқан талайдың жолын тұсаулады. Соның арқасында мемлекет қазынасына да азды-көпті қаржы құйыла бастағандай...
Футбол • 12 Қазан, 2023
Еуропа чемпионаты қай елдерде өтеді?
Еуропа футбол одағы (УЕФА) атқару комитетінің кезекті отырысында 2028 және 2032 жылдардағы Еуропа чемпионатын қабылдайтын елдер белгілі болды.
Теңге • 12 Қазан, 2023
Теңге үшін тамыз бен қыркүйектің жайлы болмағанын бәріміз көрдік. Қыркүйектің аяғы мен қазан айының басында 480 теңгеге дейін қымбаттап, бұғауға басы сыймаған доллардың 478 теңгеге келіп тұрақтағанына бірер күннің шамасы ғана. Ішкі нарықтың бұл бағамды қашанға дейін ұстап тұра алатынын Ұлттық банктің жаңа базалық мөлшерлемеге қатысты кезекті шешімі анықтай жатар. Аузы дуалы кейбір сарапшылар 1 доллардың 474 теңгеге бағаланған кездері енді келмеске кеткенін айтып әлек. Бізге енді кемі алты ай бойы 1 долларды 480 теңгеден асырмай ұстау үлкен күш болғалы тұр. Теңгенің одан кейінгі жағдайын ішкі нарық пен сыртқы нарықтың беталысы шешеді. Теңге бағасын мұнайға тели беру қазір «сәннен» шығып қалды.
Спорт • 12 Қазан, 2023
Қырғызстанның бас шаһары Бішкекте ұйымдастырылған жастар арасындағы самбодан әлем чемпионаты мәресіне жетті.
Пікір • 11 Қазан, 2023
ЛЕБІЗДЕР ЛЕГІ: Түркі елдерінің ынтымағы
Кейінгі жылдары бір атадан тараған күллі түркі халқының байланысы өзара сенімнің биік дәрежесіне көтерілді деуге болады. Мемлекеттер арасында бауырластық, достық пейілден бөлек, стратегиялық қарым-қатынас орныға түсті.