Аймақтар • 16 Қазан, 2019
Балалар құқығын қорғауға арналған жиын
Nur Otan партиясының «Бақытты отбасы» жобасын жүзеге асыру аясында құрылған көшпелі сараптамалық топ Шымкент қаласында жұмысын бастады.
Қоғам • 16 Қазан, 2019
«Халық коммунистері» парламенттік фракциясының ұйымдастыруымен «Педагог мәртебесі: ұсыныстан нақты қадамға» тақырыбында кеңейтілген отырыс өтті. Шара барысында «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы талқыланды. Жиынға Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, аталған партияның депутаттары мен білім беру саласының қызметкерлері қатысты.
Қазақстан • 16 Қазан, 2019
ЮНЕСКО-ның сыйлығын жеңіп алды
Назарбаев зияткерлік мектептері ЮНЕСКО-ның Wenhui Award 2019 сыйақысын жеңіп алды. Осыған орай ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кластерлік бюро директоры Криста Пикат «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының төрайымы Күләш Шәмшидиноваға құттықтау хат жолдады.
Қоғам • 16 Қазан, 2019
Жақында ата-аналардың бірі мектептегі еңбекке баулу сабағының өткізілмей қалатынын айтып, жанайқайын жеткізді. «Еңбек бәрін жеңбек» дейміз ғой, білім ошақтарындағы «еңбекті» өзге пәндер «жеңіп» кететін көрінеді. Мұғалімдер еңбекке баулитын сабақтың сағатын басты пән санайтын математикаға береді екен. Бала бойына берері болмаса, аталған пән Мемлекеттік стандарт пен соған сүйене әзірленген бағдарламаға не үшін енгізілді? Үкімет қаншама миллион оқулық басуға миллиардтаған қаржыны бекерге бөлді ме?
Қоғам • 16 Қазан, 2019
«Яндекс» компаниясынан шақырту алды
Ресейлік «Яндекс» компаниясынан шақырту алған қызылордалық жас Дастан Айтбаймен IT жобалары турасында әңгімелеспек болып, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің баспасөз қызметіне хабарласқанбыз. Олар жас өнертапқыштың ұялы телефонды қолданбайтынын айтып, жақындарының телефон нөмірлерін ұсынды. Осылайша жас өнертапқышты әңгімеге тартқан едік.