Тұлға • 12 Қазан, 2023
«Жат жұртқа жаратылған» десе де, қыз шіркіннің есі-дерті ел жақта болатыны әйел затының бәріне аян. Оны өзім де бастан кешкенмін.
Мәдениет • 12 Қазан, 2023
Жақында Алматыда «Кеше, бүгін, ертең: түркі мәдениетінің сәулет және көркем ескерткіштері» атты жалпы атаумен бірнеше халықаралық жобаның тұсаукесер рәсімі өтіп, ол руханият өрісінің кеңеюінде маңызы бар игілікті бастама ретінде зиялылар ортасында қолдау тапты. Еліміздің ұлттық дәстүрін сақтау және ілгерілету ісіне өз үлесін қосу мақсатын көздеген ауқымды іс-шара белгілі ақын, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек ері Олжас Сүлейменовтің қолдауымен ЮНЕСКО жанындағы мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығында өтті.
Өнер • 12 Қазан, 2023
Ол мүсін жасауға бала кезінен құмартты. Содан бері қолы саздан арылған жоқ. Әр мүсінін аяқтаған сайын бұл өнердің қыр-сырын енді танығандай, шеберлігін шыңдап келеді. Өзіндік көзқарасы мен талғамы туындыларынан көрініп-ақ тұрады: алашшылдар, зиялылар, тұлғалар... Ол талай мәрте жасап отырған мүсінін бұзып, қайта соғыпты. Ойындағы сол бір бейне, сол мінез өз деңгейіне жеткенше шеберханадан шықпайды. Жұмысына, ең алдымен, өнер деп қарайды. Әр жаңа мүсіні көрген көзді де қуантады. Ол жалақысы көп қызметті тастап, туған жеріне оралып, туған топырағының тұлғаларын жаңғыртып жүр. Семейдегі ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы барып ашқан Абай мен ұлдарының, Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановтың, Астанадағы Қаламгерлер аллеясына қойылған Алаш арыстары – Әлихан, Ахмет, Міржақыпқа арналған мемориалдың да авторы сол шебер. Біздің кейіпкеріміз – «Семей-қола» мүсіндік құю өндірісінің директоры, суретші-мүсінші Нұрбол Қалиев.
Поэзия • 12 Қазан, 2023
Қоңыр күз келген сайын көңілді мөлдір мұң басады. Жаз бойы көк шалғынға көмкерілген дала ажарынан әр тайғандай қуаң тарта түскен. Жап-жасыл жапырақтарынан айырылған ағаштар дімкәс жандай жүдеу. Күзгі аспанның қабағы да тамақ ішпеген адамдай жиі қатуланып, ара-тұра бүркіп алады. Осындай сүреңсіз көріністерді көріп, адамды көңілсіздік басады. Өмірде қызы ұзатылып, қызығы тарқаған ауыл секілді тым жұтаң өрінеді. Оның үстіне күн қысқарып, түн ұзара бастайды. Кейде сондай ұзақ түннің бір уағында шырт ұйқыңнан оянып кетіп, көз іле алмай бақырайып жатасың. Таң ағарып атып болмайды. Ұйқың қашып кеткеннен кейін неше түрлі ой иектеп алады.
Зерде • 12 Қазан, 2023
Сөздің асылын теріп, талғап жазатын Тәкен Әлімқұловтың шығармалары «әу» дегізбей қоймайды. Көлемділерін айтпағанда, шағын әңгімелерінің өзі неге тұрады? Әсіресе «Көкпары» қызық қой. Тоқтықтан іші қызбаған, тойып та, тоңып та секірмеген Тарбанның қылығы кімді болсын қайран қалдырады. Оқырманды сұрақтың астына алып, ойландырады.