Қазақстан • 16 Қазан, 2019
Жыл соңына дейін 600-ден астам салымшы пәтер алады
Жұмыс күні басталғанға дейін елорда әкімі Алтай Көлгінов тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына арнайы салынып жатқан тұрғын үй кешеніне барды. Салымшылардың бір бөлігі-тұрғын үйге кезекте тұр. ТК бірнеше блоктан тұрады, пәтерлердің жалпы саны - 653. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 16 Қазан, 2019
Дариға Назарбаева Сингапурды Қазақстанға инвестиция салуға шақырды
Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Сингапурдың аға министрі – ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі үйлестіруші министр Тео Чи Хинді қабылдады.
Руханият • 16 Қазан, 2019
Жуырда белгілі қоғам қайраткері, ел алғысын арқалаған азамат Кеңес Әубәкір ағамыз сексен бес жасқа толды. Ағаны танығаныма қырық жылға жуық уақыттың жүзі ауыпты. Сағымдай бұлдырап қалған жылдар санамда естелік болып өріледі. 1982 жылы Торғай облыстық ауылшаруашылық басқармасының нұсқауымен Октябрь ауданындағы «Заря Коммунизм» кеңшарына бас экономист болып орналастым. Ел адамдарымен жақын араласып, туыстай сыйласып кеттім. Сонда басшылық қызметте жүрген азаматтар бұрын осы жерде еңбек еткен Кеңес Аманұлы туралы үнемі айтып отыратын. Жергілікті жұрт та қамқорлығы мен іскерлігін аузынан тастамайды.
Спорт • 16 Қазан, 2019
Түркістан: Әлем чемпионатының жүлдегерлеріне құрмет көрсетілді
Жуырда Уланд-Удэ қаласында өткен әйелдер арасындағы бокстан Әлем чемпионатында Түркістандық Дина Исламбекова қола жүлдеге ие болды.Сондай-ақ Алматы қаласында ұйымдастырылған дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында Айдар Арапов қола жүлдені жеңіп алды. Ташкент қаласында 11-14 қазан күндері самбодан сынға түсіп, сәтті өнер көрсеткен Түркістан облысының спортшылары 1 күміс және 2 қола медальді жеңіп алды.
Руханият • 16 Қазан, 2019
«Тіліңіз тәтті, ойыңыз қандай! Тыңдадым, ұқтым жан күйіңізді. Болар ем күнде бір жасарғандай, Көп туса қазақ дәл сіздей қызды!...» Бұл жолдар 1946 жылы заманымыздың көрнекті ақыны Қасым Аманжоловтың Ұлттық ғылым академиясының академигі Рәбиға Ғалиқызы Сыздықоваға арнаған әнінен алынған. Рәбиға Ғалиқызы қазақ филологиясының дамуына өлшеусіз үлес қосқан аңыз тұлға. Оның тіл білімі саласына қосқан үлесі телегей теңіз.