Шаруашылық • 13 Қазан, 2023
Алқаптағы арпалыс аяқталмай тұр
Ауа райы қолайлы жылдары шаруалар қазан айының алғашқы онкүндігіне дейін алқаптағы астығын қамбаға құйып бітіп, ендігі майлы дақыл – мақсары мен зығырын жинап алудың қамына кірісіп кететін. Биыл оған күзгі жауын-шашын кедергі болып, науқан созылыңқырап кетті.
Жұмыс • 13 Қазан, 2023
Қыркүйек айында Электрондық еңбек биржасында (ЭЕБ) 127 мың бос жұмыс орны және 113,8 мың түйіндеме жарияланды. Тамыз айымен салыстырғанда еңбек нарығындағы сұраныс аздап төмендеді (-1% немесе 1,7 мың бос жұмыс орны), ал ұсыныс көлемі сәл өскен (+8% немесе 8,8 мың түйіндеме). Бұл туралы «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Стратегия және ірі деректерді талдау департаментінің директоры Бақтияр Жазықпаев мәлімдеді.
Кәсіпкер • 13 Қазан, 2023
Шымкентте 2023-2025 жылдарға арналған өңдеу өнеркәсібін дамыту жоспары аясында әкімдік шетелдік инвесторлар мен трансұлттық компанияларды мегаполиске инвестиция салуға тартып жатыр.
Шымкент • 13 Қазан, 2023
«Бас жарылса – бөрік ішінде, қол сынса – жең ішінде» демекші, түрлі отбасылық, әлеуметтік кикілжіңнен туындаған дау-дамайларды сотқа жеткізбей, жұртқа жаймай шешудің жолын осы күнде медиация жақсы атқарып келеді. Түрлі этносаралық түсінбеушіліктер де арағайындық көмегімен жарияға жар салмай шешіліп кетіп жатыр. Осы үшін де медиацияның құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі қызметі зор болып тұр. Сондықтан бітімгерлік кәсібінде нан тауып жүрген мамандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, тәжірибесін шыңдау – маңызды істің бірі екені даусыз. Сол себепті медиаторлардың кәсіби біліктілігін көтеру мақсатында Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясына қарасты Достық үйінде арнайы семинар-тренинг өтті.
Табиғат • 13 Қазан, 2023
Орман – ел дәулеті, жер сәулеті
Қазан айының үшінші жексенбісінде елімізде Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтеді. Орман – біздің баға жетпес байлығымыз, халқымыздың ен дәулеті.