Тағайындау • 31 Қазан, 2019
Серғазы Омаш Геодезия және картография комитетінің төрағасы болып тағайындалды
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Омаш Серғазы Бағдатұлы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 31 Қазан, 2019
Маңғыстауда келесі жылы денсаулық саласын қаржыландыру 39,5 млрд теңгеге жетпек
Маңғыстау облысында денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды 2020 жылы 1,4 есеге яғни, 39,5 млрд теңгеге дейін арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы МӘМС жүйесін енгізу жөніндегі өңірлік штаб отырысы барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ерік Байжүнісов атап өтті.
Аймақтар • 31 Қазан, 2019
Маңғыстауда жыл басынан бері 56 мың шетел азаматы заңдастырылды
Полиция қызметкерлерімен жыл басынан бері 56 мың шетел азаматы заңдастырылып, нәтижесінде облыс бюджетіне 688 млн 118 мың теңге түсті.
Аймақтар • 31 Қазан, 2019
Маңғыстауда «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауы өтті
«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы «Үздік бастауыш партия ұйымы» атты республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізді. Бұл сайыстың мақсаты - облыстық іріктеу кезеңін өткізіп, үш санат бойынша үздік бастауыш партия ұйымдарын анықтап, республикалық байқауға жолдау.
Аймақтар • 31 Қазан, 2019
Атырауда «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша 285 жоба қаржыландырылды
Биыл Атырауда осы жоба бойынша 1900 адамды қамту жоспарланған, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.