Руханият • 30 Қазан, 2022
Ұлттық идея және тарихи деректер
Ұлтымыздың өзін өзі танып-білуге талпынысы – байырғы түркілерден бері жалғасып келе жатқан үрдіс. Арғы бабаларымыз шыққан тегін, тағдыры мен тарихын, қуанышы мен қасіретін «мәңгі тасқа» қашап жазса, беріде шежіре тарқата сөйлеу дәстүрі орнықты. Орта ғасырлардан жеткен «Қорқыт ата кітабы», «Оғыз-наме» дастаны, Ж.Баласағұнидің «Құтты білік», М.Қашқаридің «Түркі тілдерінің сөздігі», М.Х.Дулатидің «Тарихи Рашиди», Қ.Жалайыридің «Жами ат-тауарих», З.Бабырдың «Бабыр-наме» кітаптары қазақтану жолындағы асқаралы белестер екені сөзсіз.
Таным • 30 Қазан, 2022
Әлемдік брендтің айнымас философиясы
Samsung деген сөз бізге жат емес. Кез келген қазақстандықтың үйінде жоқ дегенде кір жуғыш машинасы, болмаса тоңазытқышы, қала берді қысқа толқынды пеші мен теледидары осы компанияның өнімі. Сөзімізге сенбесеңіз, үйіңіздегі тұрмыстық техникаға, болмаса айналаңыздағы адамдардың ұялы телефонына бір көз жүгіртіп өтіңізші... Ал өткен жылы Samsung Galaxy A12 әлемдегі ең көп сатылатын смартфондар тізімінің көшін бастап берді. Осыдан-ақ ең алғашқы қызметін 1938 жылы күріш ұны мен кеспесін сақтайтын қоймадан бастаған оңтүстіккореялық компанияның трансұлттық корпорацияға және әлемдегі ең танымал тұрмыстық электроника брендтерінің біріне айналғанын түсінесің.
Спорт • 30 Қазан, 2022
Қазақ балуандары – «Turan barysy» жеңімпазы
Түркістан қаласындағы «Olympic center» спорт сарайында алғаш рет қазақ күресінен «Turan Barysy» Азия кубогі өтті. Жарысқа Түркі мемлекеттері ұйымының мүшелері – Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Мажарстан және Қазақстан балуандары қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Спорт • 30 Қазан, 2022
Алматыда биылғы ISU Challenger-дің 7-кезеңі саналатын Денис Тенді еске алуға арналған ІІІ халықаралық турнир мәресіне жетті. Бұл бәсекеде екі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы жүлдеге ие болды.
Қоғам • 30 Қазан, 2022
Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша «Бақытты отбасы» орталығының ұйымдастыруымен Қасыл Қатықбаева атындағы №168 мектеп-гимназиясында «Өнегелі келін» республикалық байқауы өтіп, тәжірибелі келіндер бақ сынасты.