Руханият • 30 Қазан, 2022
Мұхтар Мағауин: Қазақстан дәуірлей берсін!
Күні кеше ғана еліміздің түкпір-түкпірінде Республика күні ұлттық мереке ретінде атап өтілді. Биылдан бастап дәстүрге енген мерекені шартараптағы қазақтар да тойлады. Осы орайда Америкадағы қазақ қауымдастығы өткізген мәдени-сазды кешке ерекше тоқталғымыз келіп отыр. Мерекелік концертке Уашингтоннан шалғай жатқан шаһарлардағы қазақтар да арнайы келіпті. Салтанатты жиынға заңғар жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауин де қатысып, сөз сөйледі. Ұлтымыздың тағдырлы тарихынан сыр шерткен қаламгердің сондағы сөзін қаз-қалпында оқырманға ұсынуды жөн көрдік.
Коронавирус • 30 Қазан, 2022
Коронавирустың қайдан шыққаны анықталды ма?
«Коронавирус зертханадан шыққан» деген әңгіме кейінгі кезде қайта қызу талқылана бастады. Кейінгі бір аптада BioRxiv сайтында екі зерттеу жұмысы жарияланып, мақалада жер-жаһанды жайлаған індеттің қолдан жасалғаны туралы айтылған-ды.
Қаржы • 30 Қазан, 2022
Салық режімі стандарттарға сай
«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстандағы қолайлы және сенімді реттеушілік базаның жарқын мысалы бола алады. Өйткені оның нормативтік құқықтық негізі Ұлыбританияның, Сингапурдың, Гонконгтың, Біріккен Араб Әмірліктерінің үздік әлемдік тәжірибесіне сүйене отырып әзірленген. Англия мен Уэльстің ортақ құқығына негізделген АХҚО заңнамасы Қазақстанда бизнесті қауіпсіз жүргізу үшін барлық жағдайды жасайды.
Қаржы • 30 Қазан, 2022
Шығынға ұшыраған әлемдік қорлар
Сарапшылардың айтуынша, әлемнің көптеген елінде, соның ішінде дамыған елдердің өзінде ұлттық қорлардың шығыны көбейе бастады. Барлық ірі әлемдік индекстер құбылмалы болып тұр және оның соңы құлдырауға әкелуге көшті. Мысалы, британиялық қор биржасының индексі FTSE 100 жыл басынан бері 20 қыркүйекке дейінгі аралықта 4,2 пайызға төмендеп кетсе, америкалық қор индексі US 500 Cash 19,3 пайызға төмендеген.
Өнер • 30 Қазан, 2022
«Астана Опера» театрында «қазақтың бұлбұлы» атанған опера сахнасының аңызы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты Күләш Байсейітованың 110 жылдығына орай «Қазақстан вокалистер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Күләштің әні» вокалдық музыка кеші өтті. Тұлға есімін ұлықтауға арналған тағылымды концертте, сондай-ақ ұлы әншінің шығармашылығын насихаттап жүрген орындаушыларды салтанатты марапаттау рәсімі болды.