Аймақтар • 30 Қазан, 2020
Батыс Қазақстанда облыстық басқарма басшысы парамен ұсталды
Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Каюпов 7,8 млн теңге пара алғаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Қазан, 2020
Ғалым Намазалы Омашевқа құрмет көрсетілді
Көрнекті ғалым, танымал публицист, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан жоғары мектебі Ғылым академиясы мен Қазақстан Журналистика академиясының академигі Намазалы Омашевтың ғылымдағы жолы, ұлттық журналистика кадрларын даярлаудағы жетістіктері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультетінде ғалымның 70 жасқа толуына орай өткен "Ұлттық журналистика: зерттеу және білім беру мәселелері" тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференцияда кеңінен баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 30 Қазан, 2020
Абайдың "Қара сөздері" чех тілінде жарық көрді
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстан Елшілігі ҚР Ұлттық академиялық кітапханасымен бірлесіп ұлы ақын мен ағартушының чех тіліне аударылған "Қара сөздері" кітабының онлайн таныстырылымын өткізді.
Әлем • 30 Қазан, 2020
Арктика мұзы 2050 жылға қарай толығымен ериді
Германиядағы Потсдам ауа-райын бақылау институтының зерттеушілері еріп жатқан Гренландия, Батыс Антарктида және Арктика мұздарының климатқа әсерін зерттеді, деп хабарлайды Egemen.kz massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 30 Қазан, 2020
Жыл басынан бері 32 мыңнан аса құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған
Бүгін ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің басшысы Оңал Бекеевтің төрағалығымен кеңейтілген кеңес өтті. Онда Департаменттің 2020 жылғы 9 айдағы жедел-қызметтік жұмысының қорытындылары қаралып, көлік полициясының алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалды. Басқосуға Департамент аппаратының қызмет бастықтары мен аумақтық бөлініс басшылары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.