Қоғам • 31 Қазан, 2019
Жат ағымдардың жетегіне ілесіп, адастырар уағыздардың айтағына бас изеп, ақырында қақтығыс алаңына айналған Сирияға тап болған қандастарымызды елге қайтару ісінде мемлекетіміз тарапынан жүйелі жұмыстар жүргізілгені белгілі. Бұған «Жусан» операциясы дәлел бола алады. Осы орайда, яғни жат жерде басы шырмауға түскен жандарға қол ұшын беруде еліміздің шет мемлекеттердегі дипломатиялық қызметкерлерінің де атқарып жатқан істері мол. Бүгін біз сондай жағдайлардың біріне қатысты мақаланы назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік. Редакция
Қоғам • 31 Қазан, 2019
«Жусан» операциясы: Нақты нәтижелер
Ұлттық қауіпсіздік комитеті өзге де мемлекеттік органдармен және шетелдік серіктестерімен бірлесіп, «Жусан» операциясы шеңберінде Сириядан төрт мәрте, яғни осы жылдың қаңтар, мамыр және маусым айларында барлығы 595 Қазақстан азаматы қайтарылғанын, және олардың арасында 400-ден астамы бала болғанынан хабардар етті.
Қазақстан • 31 Қазан, 2019
«Болашағы жоқ ауылдар» деген қасаң көзқарастан арылатын мезгіл жетті
Еліміздің алдағы стратегиялық мақсат-міндеттерін жан-жақты тұжырымдап берген Жолдаудың ерекше тұстары маған үлкен ой салды. Оның ішінен шағын ауылдарды дамытуға қатысты өте күрделі проблемалардың күн тәртібіне өткір, ашық қойылуын бөле-жара айтар едім. Осыған орай әзірленген өңірлік стандарттарға үш мыңнан астам негізгі және қанаттас ауылдық елді мекендердің енгізілгені, «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша алдағы үш жыл ішінде 90 миллиард теңгенің бөлінгені қуантады. Бұл қаражатқа көлік, ауыз су, газбен қамтамасыз ету секілді бірінші кезектегі инфрақұрылымдық мәселелер шешіліп, тұрмыстық, мәдени, спорттық нысандар бой көтеретін болады.
Қоғам • 31 Қазан, 2019
Президент Қ.Тоқаев «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында азаматтардың құқықтарын қорғау мен олардың қауіпсіздігін күшейтудің негізгі факторы ретінде сот және құқық қорғау жүйелерінің терең реформасын атап көрсетті. Сондай-ақ сот шешімдерінің сапасын жақсарту бойынша бірқатар салмақты шараны жүзеге асыруды тапсырды.
Руханият • 31 Қазан, 2019
Көрнекті ғалым, профессор Мекемтас Мырзахметов 2001 жылы «Парасат» журналының 9-санында жарық көрген «Рухани кәмпеске» атты мақаласында: «...Аса қатерлі мәселенің бірі – қазақ ұлтын жер бетінен тұтас жоғалтып жіберіп, олар жайлаған ұлан-байтақ, бай өлкені босату үшін жоспарлы бағдарламалар да болған. Бұл Ресейдің жеті қат жер астында сақталатын мемлекеттік құпиясы. Сондықтан ол құжаттарды ешқашан қолмен ұстап, көзбен көре алмаймыз» деп жазыпты.