Жасанды интеллект • 31 Қазан, 2025
Елордада «Қазақстан – академиялық білім аумағы» атты стратегиялық серіктестердің халықаралық форумы өтті. Ауқымды іс-шараға білім, ғылым, инновация саласындағы әлемдік көшбасшылар, отандық сарапшылар, жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары мен халықаралық аккредиттеу агенттіктерінің басшылары қатысты. Жиында жасанды интеллектінің оқу жүйесіне енуі, трансұлттық білім беру мүмкіндігі, академиялық ұтқырлықты арттыру, ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты күшейту мәселелері жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ «AI-sana» жобасы аясында әзірленген үздік стартаптар марапатталды. Аталған іс-шараның басты мақсаты – елімізді өңірлік білім хабы ретінде таныту және академиялық әріптестікті жаңа деңгейге көтеру.
Пікір • 31 Қазан, 2025
Салада ынтымақтастық арта түседі
Джеффри Пьюн, Аризона университетінің профессоры:
Сұхбат • 31 Қазан, 2025
Зайролла ДҮЙСЕНБЕКҰЛЫ, академик: Ұлт деңгейін көтерген ғылымның қадірі бар
Қазір қоғамда дәстүрлі құндылықтар өзгеріп, жаңа ұстанымдар пайда болды. Алайда зиялылықтың мәні кеміген жоқ. Нағыз зиялы – ұлттың ар-ұяты. Елімізде іргелі ғылым мен өндірістің байланысын өмірінің өзегі етіп жүрген санаулы тұлғалар бар. Соның бірі – Ұлттық ғылым академиясының академигі, ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор, Зайролла Дүйсенбекұлы. Отандық ғылымның дамуына зор үлес қосқан көрнекті ғалымның өмірден түйгені мол. Айтары да жетеді. Таяуда ғалым ақсақалмен кеңірек отырып әңгімелесудің сәті түсті.
Пікір • 31 Қазан, 2025
Қазақстан Орталық Азияда көшбасшы ел бола алады
Карина АНГЕЛИЕВА, халықаралық ғылым және технология орталығының атқарушы директоры:
Спорт • 31 Қазан, 2025
Бұқаралық спортты дамытудың нақты қадамдары
Бұқаралық спорт – ұлт саулығының кепілі. Өркениеттің көшін бастап тұрған мемлекеттер спорт пен саламатты өмір салтын ұлттық идеология дәрежесінде дәріптейді. Өйткені дені сау ұлт қана елдің тірегіне айналады.