Ғылым • 31 Қазан, 2024
Ғылыми дәрежені қорғауда беделді журналдарға мақала жариялау маңызды саналады. Бұл тұрғыда «Scopus» дереқоры халықаралық деңгейде мойындалған әрі ғалымдардың зерттеуін ұсынатын алаң ретінде танылған. Алайда кейінгі жылдары «Scopus»-қа делдалдардың көмегімен мақала шығару үрдісі белең алып барады.
Университет • 31 Қазан, 2024
Гази университетінің филиалы ашылды
Республика күні қарсаңында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің базасында түркиялық Гази университетінің филиалы ашылды. Тарихи құжатқа қол қою рәсіміне еліміздің Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Түркия мемлекетінің Жоғары білім кеңесінің төрағасы профессор, доктор Ервол Өзвар, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің басқарма төрағасы-ректордың уақытша міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева мен Гази университетінің ректоры, профессор, доктор Угур Үнал қатысты.
Қылмыс • 31 Қазан, 2024
Есірткі қылмысы елді алаңдатып тұр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында есірткі қылмысы тақырыбына тағы да тоқталып, нашақорлыққа қарсы күрестің маңызды міндет екенін айтты. Оның айтуынша, бұл – ұлттың генетикалық қорын аман сақтап қалу мәселесі. «Біз осыған дейін қажетті заңнамалық шараларды қабылдадық. Бірақ нақты нәтижеге қол жеткіздік деуге әлі ерте. Әрбір мемлекеттік құрылым, әсіресе құқық қорғау органдары тиімді жұмыс істеп жатыр деп айта алмаймыз. Есірткі мәселесі ушығып барады», деді ол.
Ғылым • 31 Қазан, 2024
Саланы дамытудағы ілкімді бастама
Әлемнің жетекші орталықтарында қазіргі уақытта 800-ден аса адам ғылыми тағылымдамадан өтті. Ғылымды басқару жүйесі бірнеше сатыдан тұрады. Өңірлердегі жүргізілген зерттеулер хакатондар арқылы жүзеге асады. Осы және өзге де ғылым мәселелері туралы Президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.
Қоғам • 31 Қазан, 2024
Такси қызметін біріктіру кімге тиімді?
Мәжілістің өткен аптадағы жалпы отырысында көлікпен жолаушылар тасымалдау саласына, әсіресе такси қызметін реттеуге қатысты заң жобасы қаралған еді. Осы өзекті мәселенің жай-жапсарын жіпке тізіп, депутаттар алдында Көлік министрі Марат Қарабаев заң жобасын баяндады. Бірінші оқылымда-ақ депутаттардың сынына ұшыраған бұл заң жобасының қорытындысын әзірлеу екінші оқылымға қалдырылған.