Қоғам • 31 Қазан, 2019
Қоян бағып та қоңдануға болады
Жастар жылында ел еңсесін көтеруге айтарлықтай септігі тиіп жатқан демеудің бірі – «Zhas Project» бағдарламасы. Жолсапарға шыққанда осы бағдарлама арқылы алға ұмтылған жастарды көріп, көңіл демдедік. Қолынан келіп жатса, кәсіптің жаманы жоқ. Қоян бағып та қоңдануға болады екен.
Қоғам • 31 Қазан, 2019
Күз түсісімен-ақ исі қазақ қыстық соғымын қамдай бастайды. Жағдайы жеткендер ту бие немесе ақта атты құнарлы азықпен жемдеп, қарашадан қалдырмай жығады. Ал құмды өлкедегілер түйенің етін хош көреді. Сары майдай сақталған өркеш жел-құзға ем, құнарлы азық. Енді бұған шамасы келмегендер өгіз немесе тайынша таңдамақ. Екі-үш семіз қойды үйітіп алатындар да бар. Қойдың үйітілген еті дәмді де құнарлы.
Қоғам • 31 Қазан, 2019
Әрбір азамат күніне жарты кило қоқыс тастайды
Finprom.kz сарапшыларының деректеріне қарағанда әрбір қазақстандық күніне жарты килоға жуық қоқыс қалдырады екен. Сөйтіп әр отандасымыз бір жылда 167 килодан астам қалдық тастайды. Бұл жағдай отандастарымыз қалдықты көшеге лақтырады дегенді білдірмейді, тек күнделікті тұрмыста қолданатын заттар мен азық-түлік қалдықтарының қоқысқа тасталатын мөлшері осындай.
Экология • 31 Қазан, 2019
Құралайымыздан көз жазып қалмайық
Өткен ғасырдың соңғы жылдарында Қаратаудың беткейінде сағымға айналған ақбөкендер жортып жүретін. Қазір олар көзден ғайып болған. Шынымен сағымға айналып барады.
Аймақтар • 31 Қазан, 2019
Көркемсурет музейінде қылқалам шебері Қабдыл-Ғалым Қаржасовтың туғанына 65 жыл толуына орай көрме өтті. Қызылды-жасыл бояуы қанық түстерге толы туындыларынан автордың қоңыр дауысы естіліп, дара тұлғалы келбеті елестеп, өзі салған бейнелер арқылы тіл қатқандай болады.