Заң мен Тәртіп • 31 Қазан, 2025
Жастарды улауға жол берілмейді
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Асқар Мұхаметқалиев жыл басынан бері полиция 770 кг есірткі тәркілегенін мәлімдеді. Бұл көрсеткіш – былтырғыдан артық. Биылғы 9 айда есірткіге қатысты 214 қылмыс тіркелген болса, былтыр бұл сан 187 болған еді. Тіркелген қылмыстардың 100-ден астамы – сату фактілері.
Экономика • 31 Қазан, 2025
Криптовалюта қаржы нарығын қалай өзгертеді?
Елімізде криптовалюта нарығы жаңа кезеңге аяқ басты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында бұл салаға баса назар аударып, Мемлекеттік криптоактивтер қорын құруды тапсырды. Оны Ұлттық банктің инвестициялық корпорациясы қадағалайды. Мемлекет басшысының сөзінше, осы бастамалар қазіргі жаһандық қаржы үрдістеріне сай болу үшін қажет. Себебі жаңа қор ең тиімді әрі болашағы зор цифрлық активтерден стратегиялық крипторезерв жинайды. Ол цифрлық экономиканың жаңа қаржылық жүйесіне негіз болады.
Өндіріс • 31 Қазан, 2025
Түркістан облысында кезекті инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 100 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылды. Түлкібас ауданы Күмісбастау ауылында әйгілі «RC Cola» брендімен жұмыс істейтін «Beibars Bottlers» компаниясының заманауи сусын өндіру зауыты ашылды.
Баға • 31 Қазан, 2025
Азық-түлік бағасын тұрақтандыру мұңға айналды. Өзгесін былай қойғанда, төскейінде төрт түлік мал жер қайыстырады дейтін сулы-нулы өңірде төрт түлік мал басының табиғи өсімі неге ойдағыдай емес? Қара қазанымды майлап, ақ дастарқанға ет өнімдерін молынан жеткіземіз деп құлшынған ауыл тұрғындарына үш жылдан бері несие беріле бастады. 2024 жылы 1,8 млрд теңге қаражат бөлінді. «Kokshe» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына жалпы көлемі 1 931,7 млн теңгені құрайтын 220 өтінім түсті. Осы қаражаттың 1 161,2 млн теңгесі немесе 128 өтінім өңірдегі мал шаруашылығын дамытуға ұсынылды. Өтініш иелерінің бизнес-жоспарын жан-жақты саралай келе, несие комитеті 131 өтінімді мақұлдады. Қолдарына зарығып көрген қаражат тиген соң, малсақ қауым ойға алған жоспарын іске асыруға кірісіп кетті. Әйтсе де, нәтиже көңіл көншітерлік емес.
Аймақтар • 31 Қазан, 2025
Үш жылда – 65 жаңа медицина нысаны
Бүгінде ауылдық жерлерде де денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту жұмыстары қарқын алып келеді. Абай өңірінде 2023–2025 жылдары 65 жаңа алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысаны салынып, пайдалануға беріледі.