Қазақстан • 31 Қазан, 2025
Гаухар БЕЙСЕЕВА: Қазақстан ODA саясаты арқылы халықаралық беделін нығайтып келеді
Бүгінде сыртқы саясатта жұмсақ күш, институционалдық тұрақтылық пен инвестициялық ахуал мемлекет дамуына тікелей әсер ететін стратегиялық факторға айналып отыр. Қазақстан кейінгі жылдары осы бағытта, әсіресе «Дамуға ресми көмек» (ODA – Official Development Assistance) саясаты аясында белсенді әрекет етіп келеді. Бұл саясаттың маңызы, еліміздің ұстанымы туралы сыртқы істер саласында 20 жылдан аса еңбек еткен, тәжірибелі дипломат Гаухар Бейсеевамен әңгімелескен едік.
Заң мен Тәртіп • 31 Қазан, 2025
Сот жүйесіне маман даярлаудың басымдықтары
Қоғамның жаңаруы мен құқықтық реформалардың тереңдеуі, сондай-ақ сот жүйесінде жасанды интеллекті мен цифрлық технологиялардың кеңінен қолданылуы саладағы мамандарды даярлауда жаңа ұстаным мен көзқарасты қалыптастыруды талап етеді. Осы орайда сот білімін жетілдірудің басты парадигмасы болашақ судьялардың кәсіби біліктілігі мен моральдық-адамгершілік қасиеттерін жан-жақты дамыту болып отыр.
Үкімет • 31 Қазан, 2025
Қазақстан мен Марокко арасындағы келісім мақұлданды
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтті. Онда сенаторлар еліміз бен Марокко Корольдігінің арасындағы қылмыстық істерге қатысты бірқатар заңды қарап, мақұлдады.
Саясат • 31 Қазан, 2025
Өңірге тың серпін беретін ілкімді істер
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды. Президент сапары «Қорқыт ата» халықаралық әуежайының жаңа терминалымен танысудан басталды.
Заң мен Тәртіп • 31 Қазан, 2025
Бөтеннің мүлкі мен қаржысын жымқырып, қалтаға басу – ауыр қылмыс. Ал бұны қоғамдағы заң мен тәртіпті сақтауға жауапты лауазымды тұлғалардың өздері жасап жатса, балықтың басынан шірігені. Өкінішке қарай, мұндай жайсыз жаңалықтан кенде емеспіз.