Қазақстан • 18 Қазан, 2017
Көрші елден келетін өнімдерде зиянкестер көп
Бүгінгі күнге дейін Республикалық өсімдіктер карантині орталығы зертханасында көптеген сараптама жасалды. Соның нәтижесі көрсеткендей, Өзбекстаннан келетін өнімдерде 3 түрлі зиянкес жиі кездессе, Қырғызстаннан тасымалданған тауарларда олардың саны 9-ға жетіп отыр. Яғни сараптаманың қорытындысы Қырғызстаннан келетін өнімдердің қаупі жоғары екенін көрсетеді.
Аймақтар • 18 Қазан, 2017
Шымкентте жаңа әуежай құрылысы басталады
Шымкентте заманауи үлгіде жаңа әуежай құрылысы басталмақ. Аталған жоба қолданыстағы әуежайдың тиімсіз болуына байланысты қолға алынып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялық қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Еркін Жүсіпов мәлім етті.
Қазақстан • 18 Қазан, 2017
Қырғызстандық көліктер жиі тәртіп бұзады
Қазақстанның мемлекеттік шекарасында күшейтілген жоспарлы кедендік, транспорттық, фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау жүргізіліп жатыр. Осыған сәйкес, 10-17 қазан аралығында қырғызстандық тасымалдаушылардың 835 көлігі тексеріліп, әр сегіз көліктің біреуінің еліміздің көлік заңдарын бұзғаны анықталды. Нәтижесінде, 5 миллион 644 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Қазақстан • 18 Қазан, 2017
Алматыда VII Орта Азия сауда форумы өтіп жатыр
Алматыда «Сауда, көлік және көкөніс шаруашылығы секторын дамытудың келешегі» тақырыбына арналған форум жұмысына Азия және Еуропа құрлығынан 18 мемлекеттің өкілдері қатысуда.
Қазақстан • 18 Қазан, 2017
18 қазан - Рухани келісім күні
Қасиетті кітабымыз Құранда бірлік туралы бірнеше жерде баяндалған. Соңғы пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде де барша адамзаттың ауызбіршілігін уағыздаған. Жаратушы Иеміз «Әли Имран» сүресінде: «...Бөлінбеңдер», деп әмір етсе, Оның Елшісі: «...Көпшілікпен бірге болыңдар! Бөлінуден сақтаныңдар», деп, жамағатты, барша адам баласын мейірімділікке, ортақ мақсатқа үндеген.