Футбол • 31 Қазан, 2025
«Қайсар» футбол клубын қай бизнесмен қаржыландырады?
Қызылордалық «Қайсар» футбол клубы 2025 жылдың 30 қазанынан бастап ресми түрде «TAU Group LTD» компаниясының басшысы Исламғали Қозбақовтың жеке басқаруына берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 31 Қазан, 2025
Римде Шоқан Уәлиханов туралы еңбектің таныстырылымы өтті
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның Италияға жұмыс сапары аясында «Шоқан Уәлиханов және қазіргі Қазақстанның бастауы» атты монографияның таныстырылымы өтті. Белгілі ағартушының 190 жылдығына арналған бұл еңбек алғаш рет итальян тілінде жарық көрді.
Қоғам • 31 Қазан, 2025
Италия халқының Абайға құрметі
Римдегі Вилла Грациоли саябағында (Parco di Villa Grazioli) қазақ халқының ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлы бюстінің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Ерболат Сембаев, италиялық зиялы қауым өкілдері мен Қазақстанның ресми делегациясы мүшелері қатысты.
Әлем • 31 Қазан, 2025
Жапон елінің тұңғыш әйел көшбасшысы
Биыл 21 қазанда Жапонияның жаңа заман тарихында алғаш рет әйел үкімет басшысы болып сайланды. 64 жастағы парламент депутаты, санаулы әйел саясаткерлер арасынан саңлақ шыққан Санае Такаичи оның алдында Жапония либерал-демократиялық партиясының (ЛДП) төрағасы боп сайланған еді. Сөйтіп, сайдауыт самурайлар елін енді әйел басқарады. Бұндай жағдай буддистік ілім мен конфуциялық тәрбиеге негізделген консерваторлық Күншығыс елінде ғана емес, әлемдік деңгейде үлкен жаңалық ретінде жарияланып жатыр.
Экология • 31 Қазан, 2025
Суды тиімді пайдалану – стратегиялық міндет
Бүгінде су ресурстарын басқару экологиялық мәселе ғана емес, ұлттық қауіпсіздік пен экономикалық тұрақтылықтың маңызды факторы болып отыр. Сондықтан суды есеппен пайдалану, үнемдеу технологияларын енгізу, трансшекаралық су саясатын жетілдіру – күн тәртібіндегі өзекті міндет.