Қазақстан • 31 Қазан, 2018
Солтүстік Қазақстанда Жолдаудағы жалақыны көтеру бастамасы қолдау тапты
Жолдауда атап өтілгендей бұдан былай лауазымды тұлғалардың жеке тиімділігі және қызметке лайықтылығы қазақстандықтардың әл-ауқатының өсу өлшемімен бағаланатын болады.
Қазақстан • 31 Қазан, 2018
120 жауынгер бітімгерлік мақсаттағы операцияларды орындау үшін Ливанға аттанады
Қазанның 29 күні Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақстан мен Үндістан үкіметтері арасындағы БҰҰ-ның Ливандағы Уақытша күштеріндегі үндістандық батальон құрамында қазақстандық бітімгершілік контингентті бірлесіп өрістетуге қатысты заңға қол қойды. Осы орайда, Қазақстан Қарулы Күштерінің 120 жауынгері бітімгерлік мақсаттағы операцияларды орындау үшін Ливанға аттанады.
Білім • 31 Қазан, 2018
Аймақтар • 31 Қазан, 2018
Түркістан облысында жағажай туризмін дамыту мақсатында ауқымды жобалар қолға алынып отыр. Шардара ауданында 255 гектар аумаққа инфрақұрылым тартылып, су қоймасының жағалауында 60 нысан салу жоспарланған болатын. Күні кеше Шардара ауданы «Аққала» демалыс аймағының жағалауында алғаш рет өткен «SAFARI SHARDARA» фестивалінің де басты мақсаты – өңірдегі туризмді дамытып, бизнес-аxуалды жақсарту.
Парламент • 31 Қазан, 2018
Сенатта мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселелері талқыланды
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» және «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдаулары аясында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, оның ішінде балалардың ерте дамуына арналған бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу мәселелері Парламент Сенатында талқыланды. Шараны Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті ұйымдастырды, деп хабарлайды Парламент Сенатының баспасөз қызметі.