Теннис • 30 Қаңтар, 2018
Бүгін «Дәулет» ұлттық теннис орталығында Қазақстан және Швейцария құрама командаларының баспасөз мәслихаты болып өтті. Онда Швейцария құрамасының капитаны Северин Люти мен Қазақстан капитаны Диас Досқараевтар сөз сөйледі. Жиынның басты тақырыбы 2-4 ақпан аралығында Астанада өтетін Дэвис кубогының 1/8 финалдық кездесуі еді.
Кәсіпқой бокс • 30 Қаңтар, 2018
Леффлер: Головкин-Альварес айқасында білікті төрешілер қызмет етеді
Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Сауль «Канело» Альвареспен өтетін екінші жекпе-жекте төрешілер асқан жауапкершілікпен іріктелініп алынатынын айтты. Бұл туралы Boxingscene.com хабарлады.
Парламент • 30 Қаңтар, 2018
Қазақстан мен БҰҰ арасындағы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қаралды
Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Солтүстік және Орталық Азия үшін Субөңірлік бөлімшеге арналған әкімшілік және қаржылық рәсімдерге қатысты келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.
Қазақстан • 30 Қаңтар, 2018
«Жас Отанның» жаңа кеңсесінің тұсаукесер рәсімі өтті
«Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың партия Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында еліміздегі басты саяси күштің жұмысын жаңғырту жөнінде нақты тапсырма бергені белгілі. Соған орай «Нұр Отан» партиясы бірқатар тың бастамаларды табысты жүзеге асыруда. Олардың қатарында «Жас Отан» Жастар қанатының жұмысындағы оң өзгерістер де бар.
Жекпе-жек • 30 Қаңтар, 2018
Елордада киокушинкай-кан каратэден Азия чемпионаты өтеді
Ұлттық республикалық киокушинкай-кан каратэ федерациясының президенті Омархан Өксікбаев федерациясының алдағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».