Ғалам ғажаптары • 31 Қаңтар, 2026
Өскемендік шебер Юрий Костанян ағаштан қазақ хандары мен батырларының мүсінін жасайды. Ол бұл іспен 70-тен асқан шағында да тұрақты айналысып жүр. Шебердің айтуынша, ағаш мүсін қашау тоқтаусыз еңбек пен төзімді талап етеді.
Пікір • 31 Қаңтар, 2026
Реформа – мемлекетті өркендетудің өзегі
Жалпы, Конституциялық реформаның қолға алынғанын дұрыс деп санаймын. Соның ішінде Парламенттің өкілеттігі арттырылып, енді Жоғары аудиторлық палатаның және Орталық сайлау комиссиясының құрамын жасақтау құзыреті Парламенттің келісімімен ғана тағайындалуы қажет деген ұсыныс айтылды.
Пікір • 31 Қаңтар, 2026
Құқық қорғау саласына серпін береді
Жаңа Ата заң қабылданған соң, адвокатура институтына салмақты конституциялық құзырет беріледі. Отыз жыл бойы адвокатура жүйесі елімізде мұншалықты жоғары деңгейге ие болған жоқ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жуырда қолға алынған реформалар құқық қорғау институттарын жүйелі түрде нығайтуға серпін берді.
Реформа • 31 Қаңтар, 2026
Ата заңның жаңа жобасы таныстырылды
Кеше Астанада Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтіп, онда Конституцияның жаңа жобасы қаралды. Оны дайындау кезінде кейінгі жарты жылға жуық уақытта азаматтардан, қоғамдық ұйымдардан, саяси партиялар мен сарапшылардан келіп түскен ұсыныстар, сондай-ақ комиссия мүшелерінің пікірлері, ескертулері мен ұсынымдары ескерілген.
Саясат • 31 Қаңтар, 2026
Биыл еліміз Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалық етеді. Мәскеуде өткен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің биылғы алғашқы отырысын аша отырып, Серік Жұманғарин Кеңес мүшелері мен байқаушы елдердің өкілдеріне арнап сөз сөйлеп, Қазақстан төрағалығының негізгі басымдықтарын атап өтті.