Саясат • 22 Қаңтар, 2018
Уәлихан ҚАЛИЖАНОВ. Замана талабы
Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы биылғы Жолдауы дамыған елдердің қатарына қосылу үшін жедел жүзеге асуы тиіс 10 жаңа міндетті белгілеп берді. Ел дамуының кезең-кезеңін сатылап жүйелеп келе жатқан үндеулермен салыстырғанда кезекті Жолдаудың басты ерекшелігі – қоғам өмірінің түрлі салаларына IT технологияларын тереңдей енгізіп, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын қолданысқа енгізуге бағытталуында. Елбасы өнеркәсіптік озық технологиялардың әлемдегі үздік стандарттарын қабылдау арқылы дамудың жаңа сапасына көшудің басты тетіктерін атап көрсетті.
Қаржы • 22 Қаңтар, 2018
Жаңа Салық кодексі күшіне енді
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында жаңа Салық кодексінің жаңалықтары жөнінде ақпарат берді.
Экономика • 22 Қаңтар, 2018
Еңбекақы көлемі түпкі нәтижеге байланысты болмақ
Орталық коммуникациялар қызметінде «Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер үшін жаңа еңбекақы төлеу жүйесін енгізу» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Шара барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова қанатқақты режімде мемлекеттік органдарда жаңа еңбекақы төлеу жүйесін енгізу туралы баяндады.
Мемлекет басшысының «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабы егемен еліміздің негізі қаланған күннен бастап бүгінге дейінгі барлық игіліктер мен жеткен жетістіктерімізді, оның қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктерін қамтыған бірегей туынды.
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2018
Электронды қызмет – халыққа ең қолайлы тәсіл
Елбасы биылғы Жолдауында тиімді мемлекеттік басқару аясында мемлекеттік әкімшілендіру кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындардың шығындарын қысқартуға байланысты жұмыстарды жалғастырып, «бір өтініш» қағидаты бойынша жекелеген мемлекеттік қызмет көрсетуден кешенді қызмет көрсетуге көшу қажеттігі жөнінде бірқатар тапсырма жүктеді. Осыған байланысты Үкімет үйінде брифинг өтіп, бұл бағыт бойынша қолға алынған жұмыстар нақтыланды.