Саясат • 22 Қаңтар, 2018
Гагик АРУТЮНЯН: Адам капиталына арқа сүйеген жаңғыру
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы 1997 жылдан бастап есептегенде жиырма бірінші Жолдау екен.
Медицина • 22 Қаңтар, 2018
Күйелеш қар, күрсінген қала. Теміртау экологиялық апаттың алдында тұр ма?
Теміртауда түнде жауған аппақ қар таң ата қайдан шыққаны әзірге белгісіз қап-қара тозаңның астында қалды. Бір аптадан бері қала тұрғындарында маза жоқ... Әлеуметтік желідегі жұрт түсірген, тіпті ғарыштан тартылған фотосуреттерге және де бейнежазбаларға қарап тұрсаң, төбе шашың тік тұрады. Желі қолданушы теміртаулықтар бұл жағдайға «экологиялық геноцид» деп ат қойып, айдар тағып та үлгерді.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2018
Қызмет көлігін жекеменшігіндей көреді
Мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік қызметте жүрген лауазым иелеріне қызметтік көліктер не үшін беріледі? Әлбетте, өздеріне жүктелген тікелей функциялық міндеттерді ойдағыдай атқару, сондай-ақ уақыт жағынан ұту және кідіріске жол бермеу үшін емес пе?! Осы орайда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Қызметтік көлік – қызметтік мақсатта» деген акцияға бастамашы болғаны қолдауға әбден тұрарлық. Бұл іс-шара өз атауынан көрініп тұрғанындай қызметтік көліктерді қызметтен тыс мақсаттарға пайдалану деректері мен көріністерін төмендетуге бағытталған.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2018
Көкшетауда қуат көзіне қатысты мәселе өзекті
Бүгінгі таңда Көкшетау қаласы жылу мен электр қуатының сенімді көзіне зәру болып отыр. Бұл қала жылуды жергілікті қазандық арқылы алатын еліміздегі жалғыз ғана облыс орталығы болып табылады. Қазір осы қазандықтың да техникалық ресурстары таусылған, сондықтан шұғыл түрде ауыстыруды қажет етіп отыр.
Білім • 22 Қаңтар, 2018
Географияны құртқысы келгендер геосаясаттан жұрдай сияқты
Жуырда ғана «Егеменде» педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ұлжалғас Есназарованың 8-сыныпта оқытылып келген «Қазақстанның физикалық географиясы» мен 9-сыныпта оқытылатын «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы» пәндері жаңартылған мазмұндағы бағдарлама бойынша 2018-2019 оқу жылынан бастап алынып қалғанына өкініш білдірген мақаласы жарияланған еді («Қазақстан географиясы» пәні оқытылмай ма?», «ЕҚ», 17.01.2018 ж). Бұл қалай деп Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевке хат жазса, 8 және 9-сыныптарда оқытылып келе жатқан осы пәндерді «ешуақытта жеке пән ретінде оқытылмаған» деген жауап алып, автор тіпті айран-асыр болғанын айтады. «Яғни министрлік қызметкерлері жалпы орта білім беретін мектептерде қандай пәндер оқытылып жатқанынан бейхабар болып шықты» деп ой түйген еді ол.