Қаржы • 28 Қаңтар, 2021
Қаражат тарта білу де бір өнер
2020 жылдың алғашқы жартыжылдығында тікелей салынған шетелдік инвестиция көлемі 2019 жылдың алғашқы жартысымен салыстырғанда 49 пайызға қысқарған. Шетелдік қаржының шорт кесілуіне коронавирус зардабы басты себеп болды.
Әдебиет • 28 Қаңтар, 2021
Бөтен немесе адамдар қалай құбылады?
Өз хаттарының бірінде Кафка қонақүйдегі бөлмесінен қандала тауып алғаны туралы жазады. Сонда оның қоңырауына алып-ұшып келген үй иесі сұмдық таңғалып, бүкіл қонақүйде бірде-бір қандала көрінбейтінін айтыпты. Ол неге нақ осы бөлмеде пайда болды? Бәлки, бұл сұрақты Франц Кафка өзіне қойған шығар. Бөлмесіндегі қандала – оның ішкі мені сияқты. Яғни Кафканың қандаласы: бөтен емес. Осы бір оқиғадан кейін автор санасында «Құбылу» романының кейбір үзіктерін шырамыта бастаған болар.
Экономика • 28 Қаңтар, 2021
Зейнетақы жинағын пайдалану: Өтінім берер кезде нені ескеру керек?
Ел азаматтары 23 қаңтардан бастап enpf-otbasy.kz сайты арқылы біржолғы зейнетақы төлемін алуға өтініш бере бастады. Зейнетақы жинағындағы қаржыны үй сатып алуға, жеке үй құрылысына, сондай-ақ ипотекалық қарыздарын өтеу мақсатында пайдалануға болады.
Экономика • 28 Қаңтар, 2021
Қарағанды облысындағы шағын қала Саран қазіргі таңда үлкен ндіріс айлағына айналып келеді. Мысалы мұнда былтырғы жылдың соңына таман автобус және арнайы техника шығаратын зауыт ашылып, пайдалануға берілді. Мұның зі аталған қала үшін «зәкірлі жоба» болғалы тұр. Сонымен қатар ол облыс экономикасын әртараптандыруға да мол мүмкіндік береді деген үміт бар.
Таным • 28 Қаңтар, 2021
Шәрбану шығармаларындағы нарратология мәселелері
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Шәрбану Бейсенованың туындылары бесіктегі баласының болашағына алаңдаған Ана табиғаты арқылы бүкіл адамзаттық құндылықтарды, ұрпақ пен ұлт, өмір мен өлім арасындағы экзистенциалдық мәселелерді қозғайды. Әрине, мұндай кең мағыналы, терең тамырлы ой толғау үшін авторға қазақтың ғана емес, әлемдік руханияттағы арғы-бергі асыл қазыналарды ақтарып-төңкеретін, оларды игеретін ынта мен мақсат, ең бастысы телегей-теңіз білім керек. Әлем әдебиетінің үздік үлгілерімен жете танысқан жазушы Ш.Бейсенова отбасымен қатар қоғамда әйел затының өз жаратылысы мен болмысына сай қасиетті де киелі орны бар екендігін әрбір әңгімесінің темір қазығы етіп, Әйел-Ана табиғатының тылсым сырларын, құпия қалтарыстары мол болмыс-бітімін шебер бейнелеуге бейім.