Аймақтар • 28 Қаңтар, 2021
Қарағанды мен Жезқазған қалалары арасында қатынайтын жолаушылар пойызына деген жұрттың өкпе-назы көп еді. Неге десеңіз, бар-жоғы алты-ақ вагоны бар пойыз араға күн салып қана жүретін. Мұның өзі Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау, Абай, Жаңаарқа және Шет аудандарына қарасты стансалар мен разъездердің тығыз шаруасы бар тұрғындары үшін үлкен қолайсыздық тудырып келген болатын.
Пікір • 28 Қаңтар, 2021
Заманауи заңдар дамуға серпін береді
Биыл еліміздің заң шығару билігін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді органы Қазақстан Парламентіне – 25 жыл. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары бұрынғы КСРО құрамында болған республикалармен экономикалық байланыстардың үзілуі салдарынан елімізде орын алған дағдарысты еңсеру және төл экономикамызды қалыптастырудың алғашқы кезеңі болды. Бұл көптеген өнеркәсіп орындары жұмысын тоқтатып, жұмыссыздық көбейген, халық үшін ауыр соққан уақыт еді. Дәл осы кезде Қазақстанның алғашқы кәсіби Парламенті Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Н.Ә.Назарбаев қолға алған түбегейлі экономикалық реформалардың заңнамалық негізін қалауда аса маңызды рөл атқарды.
Парламент • 28 Қаңтар, 2021
Асыл тұқымды шаруашылықтардың мүмкіндігі артады
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыс та депутаттар бірқатар ратификациялық заң жобаларын мақұлдады. Соның ішінде ЕАЭО шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар жөніндегі келісімді ратификациялау туралы заң жобасы да бар.
Қоғам • 28 Қаңтар, 2021
Осы аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өткені белгілі. Президент аталған жиында жайылым мәселесіне де ерекше тоқталды.
Технология • 28 Қаңтар, 2021
TLab өнімі вирусқа қарсы талдау жасайды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 2020 жылдың тамыз айынан бастап Network Sandbox (желілік құмсалғыш) – tLab өнімі пайдалануға енгізілді.