Руханият • 28 Қаңтар, 2021
Елорда төрінде орналасқан Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы өз қорында сақтаулы тұрған Қожа Шамсуддин Мұхаммед Хафиз Ширазидің парсы тілінде жазылған «Қожа Хафиз Ширазидің ғазалияттары» атты құнды еңбегінің онлайн таныстырылымын жасады.
Аймақтар • 28 Қаңтар, 2021
Қыс кезінде қала көшелерін қардан тазарту, көліктер мен жаяу жүргіншілердің еркін жүріп-тұруын қамтамасыз ету оңай шаруа емес. Бұл мәселеге әртүрлі мекеме жауапты болғанымен, оның бәрі жауапкершілігін сезіне бермейді. Жақында Орал қаласын қардан тазарту мәселесі бойынша өткен жиынға қатысып, біраз жайтқа қанық болдық.
Әлем • 28 Қаңтар, 2021
Гонконгта халық наразылығы пандемия кезінде де жалғасты. Әкімшілік эпидемиологиялық ережелерді бұзғандарға айыппұл салуды қолға алды. Елде қысымға ұшыраған белсенділер АҚШ-ты паналады.
Әлем • 28 Қаңтар, 2021
Үндістан да Еуроодаққа үміт артады
Осы аптада Еуропалық одақтың сауда жөніндегі жоғарғы комиссары Валдис Домбровскис пен Үндістан коммерция және индустурия министрі Пиюш Гоял кездеспек. Келіссөздер барысында екіжақты сауда-экономикалық мәселелер талқыланады деп жоспарланған. Бұл кездесу Еуропалық одақтың жаңа бағыт ұстанғанын көрсетеді.
Пікір • 28 Қаңтар, 2021
Ресейлік вакцинаға сұраныс көп
2021 жылғы 1 ақпаннан бастап ел аумағында Ресейде шығарылған Гам-КОВИД-Вак («Спутник V») вакцинасын пайдалана отырып, КВИ-ға қарсы вакциналау басталады. Одан әрі 15 ақпаннан бастап вакциналау процесіне Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында өндірілген Гам-КОВИД-Вак вакцинасы қосылады. 2021 жылдың 2 тоқсанынан бастап вакциналауға отандық өнім – QazCovid-In препаратын қосу жоспарланып отыр. Отандық вакцина қазіргі уақытта клиникалық сынақтардың 3-кезеңінен өтуде.