Қазақстан • 01 Қаңтар, 2021
Ақ үйден Ақордаға дейін немесе халықаралық саясатта бізді не күтіп тұр?
Жаңа жыл халықаралық аренада үлкен өзгерістердің бастауына айналмақ. Коронавирус пандемиясы әлемдік тәртіпті қайта қарап, тиімді өзгерістер енгізудің қажет екенін көрсетті. Оның үстіне, індет әкелген экономикалық қиындықтарды еңсеруге де көп күш-жігер қажет.
Әдебиет • 01 Қаңтар, 2021
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында бекітіліп, 2017 жылдан бастап іске асқан «Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату қағидалары» бағдарламасы бойынша автор құқығы 70 жылға шектелетін. Бұл қағидаға қоғамда түрлі наразы пікірлер туындаған болатын.
Аймақтар • 01 Қаңтар, 2021
Жаңа жылға – жаңартылған вокзал
Қызылжар тұрғындары көптен күткен қуанышқа кенелді. Салынғанына жарты ғасырдан артық уақыт өтсе де күрделі жөндеу көрмеген ескі вокзал қайта жаңғыртылып, осы заманға лайық көрініспен жаңадан ашылды. Енді қала тұрғындары мен қонақтары ХХІ ғасырға лайықты жаңа вокзалдың қызметін пайдаланатын болады.
Оқиға • 01 Қаңтар, 2021
Әлем әдебиетінде бас-аяғы 36 драмалық сюжет бар дейді Жорж Польти. Барлық сюжет Гілгәмеш, яғни бәрін көрген батыр жайлы дастанда, ғұлама Гомердің жыр-аңыздарында, қасиетті кітаптарда тасқа басқандай таңбаланып, сан алуан ситуациялар жазылған, айтылған, жетер жеріне жеткен. Бірақ әрбір дәуір өзінің жаңа идеяларымен, жаңа тақырыптарымен келеді. Мысалы, біздің заманның маңдайына жазылған жаңа тақырып жаһандық пандемия, жануар-жәндіктен жұғатын вирус.
Әдебиет • 01 Қаңтар, 2021
Жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Нұржан Қуантайұлының «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған «Үрейлі үш күн» атты әңгімесі оқырман қауымның назарын аударып, біршама уақыт бойы әлеуметтік желіде талқыланды.