Қоғам • 31 Қаңтар, 2024
«Қазақтелеком» жыл соңына дейін Tele2-ні сатады
Үкімет операторлар арасында бәсекелестікті орнату және сапалы тарифке қол жеткізу үшін компанияға осындай талап қойған болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Қаңтар, 2024
«Қызылсай» табиғи паркінде арқар мен қарақұйрық саны 18 пайызға артты
Маңғыстауда «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің негізгі міндеті — жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау және өсімін молайту. Қызылсай паркінің құрамына «Тасорпа», «Манашы», «Жабайұшқан», «Адамтас» мемлекеттік табиғи қаумалдары мен Қызылсай паркі кіреді. Қазіргі таңда парк қорғауындағы арқар, қарақұйрық басы 18% -ға көбейіп, аңдар мен құстар үшін даладағы 52 бұлақтың көзі ашылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сұхбат • 31 Қаңтар, 2024
Дэниел РОЗЕНБЛЮМ: Қазақ мәдениетіне құрметім жоғары
Қазақстан тәуелсіздігін алғалы АҚШ-пен арадағы қарым-қатынас жылдан-жылға артып, қос елдің бірлескен жобалары жемісті жұмыс істеп келеді. Былтыр Нью-Йоркте алғаш рет АҚШ пен Орталық Азия елдері басшылары С5+1 форматындағы саммитте бас қосып, бірқатар мәселеде уағдаластыққа қол жеткізді. Еларалық байланыс алдағы кезеңде де арта түседі деген сенімдеміз. Осы орайда таяуда АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дэниел РОЗЕНБЛЮММЕН әңгімелесудің сәті түскен еді.
Бизнес • 31 Қаңтар, 2024
Кәсіпкерлікті қолдаудың тиімді тетігі
Өңірде инвесторларға кедергі болып отырған мәселелердің бірыңғай тізілімі жасалатын болды. Бұл кәсіпкерлікті қолдау шараларының өрісін кеңейтіп, шағын және орта бизнестің дамуына қолайлы жағдай туғызуға мүмкіндік бермек.
Қоғам • 31 Қаңтар, 2024
Бейнесөйлесу бәле болып тұр...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында: «Интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттерге айрықша назар аудару керек. Құқық қорғау органдары мұндай қатерлерді анықтап, қылмыскерлерді құрықтау үшін ақпараттық-сараптама жұмысын күшейтуі қажет», деген болатын.