Ән • 01 Қаңтар, 2017
Негізгі мамандығы актер болса да, ел оны алдымен айтыс сахнасынан көріп, ақын ретінде таныды. Ағалармен айтысса інілігін, інілермен айтысса ірілігін көрсететін, әпкелерін әдемі әзілімен әспеттеп отырса да әдептілігін сақтайтын сары ауыз балапанның сахнадағы алғашқы қадамы сәтті басталды.