Қоғам • 01 Қаңтар, 2026
Әділетті қоғамның іргетасы: Халықты әлеуметтік қорғау саласын қандай өзгерістер күтіп тұр?
Мемлекет, қоғамдағы ең үлкен құндылық – адам өмірі. Балалар, көпбалалы аналар, зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, жұмыссыздар мен табысы төмен отбасылар – әлеуметтік саясаттың тікелей назарындағы топтар. Сол тұрғыда 2026 еліміздің әлеуметтік саясатындағы өтпелі кезең аяқталып, жаңа Әлеуметтік кодекстің нормалары толық қуатында жұмыс істей бастайтын жыл ретінде сипатталып отыр.
Пікір • 01 Қаңтар, 2026
Жыл басы. Айтылар тілек те, жеткізер ниет те, жасалар жоба да, атқарылар іс те көп. Ресми жаңа жыл кестесі аппақ парақтай үстеліміздің үстінде жатыр.
Заң • 01 Қаңтар, 2026
Жаңа заң банктерге жайлы бола ма?
2026 жылы бағалы қағаздар нарығын үлкен реформа күтіп тұр. Оңды-солды несие бере беретін банктерге жаңа жылдан бастап шектеулер де енгізілуі мүмкін. Осының алдында Мәжіліс жіберген «Банктер және банк қызметі туралы» заңға сенаторлар бірқатар түзету ұсынды. Алайда бұл өзгерістер нақтылау сипатында ғана болды. Сондықтан заң жобасының жалпы тұжырымдамасы өзгерген жоқ.
Салық • 01 Қаңтар, 2026
Бүгіннен бастап қолданысқа енетін Салық кодексіндегі өзгерістер барлық саланы дерлік қамтиды. Реформа елдегі салық жүйесін жеңілдетіп, бизнес саласына да қолайлы жағдай туғызуға тиіс. Кодекстің ең маңызды тұстарын салық маманы Балжан Бақытқалиқызы қарапайым тілмен түсіндіріп берді.
Саясат • 01 Қаңтар, 2026
Сындарлы саясат: Биыл мемлекетімізді қандай өзгеріс күтеді?
Әлемдегі геосаяси ахуал күн санап өзгеріп жатыр. Әр жерде тұтанған соғыс өрті мен кикілжіңдер, санкциялар мен экономикалық байланыстардың үзілуі түрлі сын-қатерге жедел ден қойып, келешек бағыт-бағдарды дер кезінде айқындап отыруды талап етеді. Бұл сында жан-жағындағы көршілерімен әрі әлемдік алып державалармен тең дәрежеде қатынас орнатқан Қазақ елінің ұпайы түгел. Дегенмен бұл қол қусырып отыру дегенді білдірмейді. Осы орайда биыл еліміздің ішкі-сыртқы саясаты қалай өзгеруі мүмкін? Заман алдымыздан қандай тосынсый ұсынады? Біз саяси сарапшыларды сөзге тартып, жақын болашақ жайын жобалап көрген едік.