Оқиға • 02 Қаңтар, 2026
Франциялық футболшы Швейцариядағы өрттен зардап шекті
Швейцарияның Кран-Монтана тау-шаңғысы курортындағы «Le Constellation-да» болған жойқын өрт салдарынан Францияның «Мец» футбол клубының 19 жастағы ойыншысы Тахирис Дос Сантос ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 02 Қаңтар, 2026
2026 жылы iPhone 18 шықпауы мүмкін
MacRumors басылымының мәліметінше, Apple компаниясы өзінің ондаған жылдар бойы қалыптасқан дәстүрін бұзып, iPhone шығару кестесін түбегейлі өзгертуді жоспарлап отыр. 2026 жылдың күзінде үйреншікті iPhone 18 моделі таныстырылмайды деген болжам бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 02 Қаңтар, 2026
Екі жылда 28 млн доллар игерілді: Азаматтар Ұлттық қор қаражатын қалай жұмсап жатыр?
Елімізде «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының қолға алынғанына екі жыл толды. Осы уақыт ішінде ел тұрғындары 28 млн доллардан астам қаражатты тиімді пайдаланып үлгерді. Бұл ретте ата-аналар мемлекет тарапынан берілген мүмкіндікті негізінен баспана мәселесін шешу мен балаларының білім алуына бағыттаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 02 Қаңтар, 2026
Ауғанстандағы су тасқынынан 17 адам қаза тапты
Ауғанстанда су тасқыны салдарынан 17 адам қаза тауып, 11 адам түрлі жарақат алды. Елдегі ұзаққа созылған құрғақшылықтың соңы нөсер жауын мен қалың қарға ұласып, арты табиғи апатқа айналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 02 Қаңтар, 2026
Пиротехниканың зардабы: Жаңа жыл түні Италияда 280-нен астам адам ауруханаға түсті
Италияда 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні мерекелік пиротехниканы қолданудың соңы қайғылы жағдайларға ұласты. Тәртіп сақшылары мен дәрігерлердің мәліметінше, жарылыстар салдарынан бір адам ажал құшып, жүздеген тұрғын түрлі деңгейдегі жарақат алған, деп хабарлайды Egemen.kz.