Кітапхана • 25 Қаңтар, 2018
Елбасы кітапханасын архив жүйесіне қосу ұсынылды
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста екі заң жобасы мақұлданып, тағы екі заң жобасына қорытынды әзірлеу жөнінде шешім қабылданды.
Тәрбие • 25 Қаңтар, 2018
«Алты алаштың баласы бас қосса, төрдегі орын – мұғалімдікі» деген Мағжанның тағылымды сөзі мағынасын жоймаса да, мәнін өзгертуге шақ қалды. Оның бір себебін қазіргі қазақ қоғамындағы ұстаз беделі мен мұғалім мәртебесіне қатысты орын алып жатқан түрлі оқиғалардан анық байқауға болады. Әрине бірді-екілі мысалдан бүтіндей жағдайға баға беруге болмас, бірақ мектеп мұғалімдерінің абырой-беделіне нұқсан келтіретін көріністер жиілеп кеткенін жасыруға болмайды.
Сары ауруға салғырт қарауға болмайды
Орталық коммуникациялар қызметінде Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшиннің қатысуымен баспасөз мәслихаты болды.
Балет мектебіне арнайы ғимарат қажет
Қазақстандағы үздік балет мектебінің бірі саналатын Семейдегі арнайы мамандандырылған балет мектебі жалға алынған ғимаратта дайындалуға мәжбүр. Балет мектебінің жұмыс істеп келе жатқанына – 25 жыл. 180 орынға арналған мектеп ғимараттың тарлығынан 40 оқушыны ғана қабылдауда. Бірінші қабатта орналасқан балет мектебі барлық балаға тиісті мөлшерлемені толық орындау үшін таңның атысы, кештің батысы тығыз кестемен жұмыс істеп келеді. Тіпті мұнда демалыс күндері де тыным жоқ. Десек те, хореографиялық өнер әркімді болсын тартады. Тек қала балалары ғана емес, алыс ауылдардағы өрендер де осы өнерді үйренгісі келеді.
Таным • 25 Қаңтар, 2018
Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол
Дәм-тұзы таусылып, бақилық болған жанды шариғат жолымен ақтық сапарға жөнелту мұсылман қауымының басты парызы екені даусыз. Десек те, осы діни жөн-жоралғыларды қалай ұйымдастырып жүрміз деген сауал қойылса, «тартады аққу – көкке, шаян – кейін» дегендей, әркім өзінікін жөн санап, өнбес дауға ұластырып жіберетініміз бар. «Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» демекші, Қазақстанның қай түкпірін алсақ та, діни рәсімдерді атқаруда ұқсастықтардан гөрі өзгешеліктердің көп екенін байқауға болады. Бұл туралы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан орынды сөз етіліп, оңтайландыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келе жатқанын айта кеткен жөн.