Таным • 25 Қаңтар, 2018
Ербол ТІЛЕШОВ. Тілдік түлеудің тұғырнамасы
Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жариялап, бағзы мен бүгінді сабақтастыратын һәм болашаққа бағдар сілтейтін тұтас тұжырымдамалық еңбекті ұсынды. Президенттің осы бағдарламалық мақаласы қоғамда қордаланған бірқатар маңызды мәселелерді шешуге, кейбір тұстарымызды қайтадан бажайлай қарауға және танымымызды толықтыруға міндеттейді. Әсіресе қазақ қоғамында қазір жиі айтылатын ұлттық идеология жөніндегі мәселелердің көбісіне толық жауап берерлік еңбек болды деп санаймыз. Жалпы, адамзат немесе қоғамдық ортаның дамуында кезеңдік даму болатынын білсек, онда Қазақстан үшін ширек ғасыр уақыт біздің жаңа сапалық кезең қарсаңында тұрғанымызды аңғартады.
Тәуелсіздік тағылымы туғызған туынды
Ұлы Абайдың «Егер ісім өнсін десең – ретін тап» деген нақыл сөзі Елбасының Тәуелсіздігімізді жариялап, тәй-тәйләтіп, аяғына тік тұрғызып, Қазақстан қоғамын қарыштатып алға бастыртқан қарымды қайраткерлігінің алтын кілті іспеттес. Дамудың жаңа сүрлеуіне енді ғана түскен миллиондардың күнделікті тірлігіне айналдырудың алғашқы қадамдарын жасқанбай жасаудың қаншалықты қиын екендігін «жүрген ғана біледі». Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа еңбегін осы жолды халқының жаңа, азат тарихының тұнық бастауы, базарлы бүгіні мен жұлдызды болашағы үшін қажымай, талмай, ұлы мұратынан адаспай жүріп өтіп, алға ұмтылған ақылман көшбасшы, сұңғыла саясаткер қарекетінің жылнамасы деп қабылдаймыз.
Аймақтар • 25 Қаңтар, 2018
«Әуелі бұл шіркінді бастау қиын» дегендей, елімізде «Нұрлы жер» бағдарламасы қолға алынған кезде оны қай қырынан бастауды ойлап, кідіріп қалған өңірлер де жоқ емес. Осындай жауапты шақта Ақтөбе облысында оны жүзеге асырудың шұғыл іс-жоспары жасалып, бағдарламаны одан әрі байыту мен түрлендірудің жолдары белгіленді.
Сенаторлар білім ордасын аралады
Сенат депутаттары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің жұмысымен танысты.
Отандық туындылар көбейіп келеді
Оқырман азайып, көрермен көбейген бүгінгі заманда ғаламшардан іздегеніңді ғаламтордан табу қиындық тудырмайды. Жаһандану дәуірінде жас ұрпақты ұлттық нәрмен сусындатудың өзі үлкен мәселе. Дегенмен телефонға телмірген қазіргі адамдардың назарын телеарнаға бұрғызу үшін Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің атқарған жұмыстарынан аттап өтуге болмас. Бұрындары отандық арналардан корей мен үндінің телехикаялары көп берілгендігі жасырын емес. Осы және өзге де олқылықтардың орны толғанын отандық телетуындылардың көбейгенінен көруге болады.