Қысқы спорт • 25 Қаңтар, 2018
Қазақстан құрамасының алғашқы легі Пxенчxан Олимпиадасына аттанды
Сейсенбі күні Алматыда Қазақстан құрамасын қысқы Олимпиада ойындарына шығарып салу рәсімі өтті. Оңтүстік Кореяның Пxенчxан қаласында 9-25 ақпан аралығында XXIII қысқы Олимпия ойындарының жалауы желбірейтіні аян. Дүбірлі сайысқа орай, сейсенбі күні оңтүстік шаһарда Бүкіәлемдік бокс академиясында ҰОК, Мәдениет және спорт министрлігі мен құзырлы мекемелердің қатысуымен спортшыларымызды ресми түрде шығарып салу рәсімі өтті.
Өнер • 25 Қаңтар, 2018
Қысымет. Перуайым. Уа, дәриға...
Қазақ көрген қорлықты қазақтың әні де көрді, қазақтың тарихын, салт-санасын жұлым-жұлым еткен кеңестік идеология қазақ әндерімен қоса күйінің де жұлым-жұлымын шығарды. Қой бөтенси ме, қозыда бөлек иіс бар ма, Құдай білсін, қазақ сол адасып тапқан егіз қозы – ән мен күйіне әлі де мекірене мейірі төгіліп, тұла бойы тұлыптай кеңіп, қорғасындай балқып иій алмай келеді. Кейде тіпті, әннің ішіндегі мәтінді қойып атының өзі не деп тұрғанын түсіне алмай жататын жағдайға түстік. Оның бір себебі тақырыпта аталған үш сөзге байланысты сөзімізді аяқтағанда өзінен өзі түсінікті болатын шығар дейміз.
Балетмейстердің шеберлік сабағы
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында әлемге танымал француз педагог-балетмейстері Янник Бокуин шеберлік сабағын өткізуде.
Руханият • 25 Қаңтар, 2018
Экслибрис немесе елтаңбалардың атасы
Егер экслибрис жанрындағы туындыларды жинайтындар болмаса, бейнелеу өнеріндегі бұл бағыт бағаланар ма, бағаланбас па еді, кім білсін?! Экслибристің дүниеге келуі газет-журнал шығару, кітап басу ісімен қатарлас болғандықтан болар, оны баспасөзбен қоса құриды деп болжайтындар бар. Алайда экслибристің ең үздік үлгілері қайталанбас жәдігерлер қатарында қала бермек.
Руханият • 25 Қаңтар, 2018
Күйшінің туған жылынан қателеспейік
Қазақ халқының ұлы күйші-композиторы, әлемдік мәдениеттің аса биік тұлғасы – Құрманғазы Сағырбайұлының туған жылы туралы күні кешеге дейін әртүрлі пікірлер айтылып келді. Соның салдарынан Атырау облысында заңғар сазгердің 175 жылдығы 3 рет атап өтілді. Ұлы күйші 1806 жылы туған, кейін 1818 жылы туған екен деген пікірлер баспасөз беттерінде жазылып, кітаптарға да енді.