Қоғам • 31 Қаңтар, 2023
Әскери борыш: Бейбіт күндегі берекесіздік
Әскерге «Отан қорғаймын!» деп кеткендер табытпен оралып жатыр. Соңғы уақытта елімізде сарбаздардың өлімі жиілеп кетті. Бейбіт күнде жалғыз ұлынан айырылған ананың көл болған көз жасын кім сүртеді? Қорғаныс министрлігі көбіне-көп суицидтің себебін «махаббат жырымен» байланыстырып, отбасындағы тәрбиенің осалдығын алға тартып отыр. Құзырлы орган нақты шаралар қабылдамаса, әскер жақтан тағы қанша қаралы хабар келеді?!
Аймақтар • 31 Қаңтар, 2023
Ш.Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және өлке тарихы музейі жанынан құрылған «Жас археологтар» үйірмесінің оқушылары аудан аумағындағы ерте қола дәуірінің ескерткіші – Құмсай, ғұндар дәуірінің Сорлақмола обасы, сақ-сармат дәуіріне жататын Сегізсай қорымының қазба жұмыстарына қатысты.
Технология • 31 Қаңтар, 2023
Отандық стартаптың жаһандық қадамы
«Болашақтың» түлегі Досжан Жүсіповтің Cerebra медициналық стартапы Дания астанасы Копенгагенде өтетін Global Startup Awards халықаралық стартаптар конкурсының ақтық кезеңіне қатысады.
Білім • 31 Қаңтар, 2023
ТіkTok және мұғалім әдістемесі
Мектепте ер мұғалім көп емес. Саусақпен санарлықтай аздың бірі – Ислам Қадыров. Қазір ол Атырау қаласындағы №41 мектеп-гимназиясында ағылшын тілінен дәріс береді.
Экономика • 31 Қаңтар, 2023
Шектеулер шырмауындағы майнинг фермалар
Криптофермаларға қатысты заң күшеймек. Майнинг-фермалар мен криптоөндірушілер енді ресми жұмыс істеу үшін лицензия рәсімдеуге міндетті. Бұған қоса олар корпоративтік табыс салығын төлеуге міндеттеледі. Электр энергиясының тапшылығына байланысты криптофермалардың елдің жалпы энергия жүйесіне қосылуына тыйым салынады. Мұның бәрі 2022 жылдың соңында қабылданған «Қазақстан Республикасының цифрлық активтері туралы» заң жобасында қарастырылған.