Футбол • 29 Қаңтар, 2021
«Қызыл қағаз» алмаған футболшылар
Футболдан Испания Суперкубогының финалында Аргентинаның және Испанияның «Барселона» клубының шабуылшысы Лионель Месси «қызыл кәртішкемен» жазаланып, матчтың аяқталуына бір минут қалғанда алаңнан қуылды. Бұл – аргентиналық футболшының «Барселона» жейдесіндегі 753 ойында (осы ойындарда жалпы 61 360 минут уақыт алаңда ойнаған) алған тұңғыш «қызыл кәртішкесі». Дегенмен, бұл оның карьерасындағы алғаш рет алаңнан шеттетілуі емес. Бұған дейін Месси 2005 жылы Мажарстан құрамасымен өткен жолдастық ойында алаңға екінші таймда шығып, бірнеше минуттан кейін тәртіпсіздігіне байланысты кездесуді мерзімінен бұрын аяқтауға мәжбүр болған еді.
Руханият • 29 Қаңтар, 2021
70 млн теңге аударған белгісіз кәсіпкер кім?
Өкінішке қарай, соңғы уақытта обыр кеселі белең алып тұр. Қатерлі ісікке шалдыққандар арасында балалар да бар. Жыл сайын Қазақстанда 600-дей баладан қатерлі ісік табылады. Ал дертті балаларға тиімді ем-доммен қатар психологиялық тұрғыдағы көмектің өзі де – орасан демеу.
Аймақтар • 28 Қаңтар, 2021
СҚО-да қылмыс деңгейі айтарлықтай азайған
Облыстық полиция департаментінде өткен жылды қорытындылаған онлайн отырыс болды. 2020 жылы барлығы 4766 қылмыс тіркелген. Бұл алдындағы жылдан 25%-ға азайды деген сөз. Полиция қызметінде қылмыстың алдын алуға және ашуға, әсіресе ауыр және аса ауыр түрлерін ашуға ерекше назар аударылды. Барлық қылмыс түрлерінің саны азайды, оның ішінде адам өлтіру, денсаулыққа зиян келтіру, қарақшылық, тонау бар.
Қазақстан • 28 Қаңтар, 2021
Халықаралық Түркі академиясының президенті Қырғыз Республикасының Президентімен кездесті
Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен кездесіп, Мемлекет басшысы қызметіне ресми түрде кірісуімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 28 Қаңтар, 2021
Қазақстандықтар зейнетақы жинағын ЭКО жасату үшін қолдана алады
Қазақстанға экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКО) процедурасы үшін зейнетақы жинағын қолдануға рұқсат беріледі. Бұл туралы «Отбасы банкінің» басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz