Таным • 29 Қаңтар, 2021
XX ғасыр басындағы ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» деген сөзі арада бір ғасыр өтсе де маңыздылығын жоймағандығын көріп отырмыз. Тіпті бұл сөздің қазіргі таңдағы қазақ қоғамы үшін өзектілігі күннен-күнге арта түскенін білеміз. Тұлға бойында мінез бен білімнің қатар болуы міндетті түрде оны ұлты үшін адал, пайдалы еңбек етуге итермелейтіні ақиқат. Қай салада болмасын олар еңбегінің нәтижесі арқылы еліне орасан зор пайда әкеледі. Олардың бойындағы барлық адамгершілік қасиеттері, жасаған іс-әрекеттері, айтқан сөздері және ғылыми мұралары, яғни барлық адами болмысы оның көзі тірі замандастарына, шәкірттеріне, кейінгі ұрпақтарына ұлылықтың белгісі ретінде көрініп тұрады. Біздің бұл сөздеріміздің үлкен ғалым, ғылымды ұйымдастырушы, ұлағатты ұстаз әрі педагог, сондай-ақ ардақты ана, немерелеріне мейірімді әже бола білген қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш тарихнамашы ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Дина Исабайқызы Дулатоваға тікелей қатысы бар.
Оқиға • 29 Қаңтар, 2021
Балғын таланттарды баулитын бағдарлама
Елбасы кітапханасының Есілдің оң жағалауындағы музейінде Нұр-Сұлтан қаласының Балалар көркемсурет мектебі (БКМ) – ЮНЕСКО клубы түлектерінің дипломдық жұмыстарының көрмесі ашылды. «Туған өлкем» көрмесі балалар шығармашылығы мен қосымша білім беру ұйымдарын қолдау жөніндегі республикалық бағдарлама аясында ұйымдастырылды.
Сұхбат • 29 Қаңтар, 2021
Ұлттық жазу рухымызды жаңғыртады
Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру – қоғамдық санамызға мықтап қозғау салған тарихи шешім. Тоқталған әліпбиіміздің соңғы нұсқасы да мәдени жұртшылықтың назарында тұр. Қазақ тілі емле ережесін жасаудағы басты және қосалқы ұстанымдар қандай деген сауалға жауап алып, кейбір түйінді мәселелерді оқырманға нақты мысалдармен, ғылыми негізге сүйене отырып тарқатып беру үшін А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжанмен әңгімелескен едік.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2021
Тілсіз жау тұтқиылдан тап бермесін
Биылғы қаңтар айының алғашқы онкүндігінде Жамбыл облысының аумағында қалың қар жауып, аяздатқан еді. Өткен желтоқсан айы да солай болған. Бірақ өңірде кейін ауа райы күрт өзгеріп, күн бірден жылып сала берді. Алайда мамандардың айтуынша, көктемнің көкөзек шағындай әсер беретін күн райының құбылмалы құбылысы аймақта апатты жағдай тудыруы мүмкін.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2021
Екібастұздық жас ақын Ерболат Әміренов Төртүй ауылының шежірелі өткеніне арнап «Тоқсанның төріндегі ауылым» атты кітап шығарды. Естеліктер мен деректер негізінде жазылған бұл кітапта ауылдың әр кезеңдегі жылдары, өсіп-өркендеуі, ауылдықтар жайлы баяндалады.