Оқиға • 29 Қаңтар, 2021
Биыл қар қалың түсті. Жаңа жыл мерекесінен кейін қарлы боран көбейіп, қолат-қойнауды, сай-саланы қасат қар кептеп тастады. Бұл жай жалпақ жондағы жүгірген аңға қиындық туғызып отыр. Әсіресе, түзде тебіндеп күн көретін киіктерге қатер төнді.
Ғылым • 29 Қаңтар, 2021
Ғылымды білім саласынан бөлу керек пе?
Кез келген саланы дамыту арнайы әзірленіп, бекітілген мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жүргізіледі. Сондай маңызды құжаттың бірі – екі саланы қамтитын Білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Құжат қос саланың мәселелерін 11 тақырыпқа бөліп қарастырған. Сол тақырыптың тек үшеуі – ғылымға, қалғаны білімге арналыпты.
Экономика • 29 Қаңтар, 2021
Меркілік кәсіпкерлер мемлекеттен қолдау күтеді
Қазіргі кезде Меркі ауданы сүт өнімдерін өңдеумен және өндірумен елімізге белгілі ауданның бірі. Мұнда өндірілетін ірімшік, айран, қаймақ сияқты өнімдерді еліміздің көптеген қалаларынан кездестіруге болады.
Таным • 29 Қаңтар, 2021
Қазақ халқының қаһарман перзенттері Ұлы Отан соғысының қан майдандарында ерліктің ғажайып үлгісін көрсетті. Сол үшін 104 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Салыстырар болсақ: саны қазақтардан екі есе көп өзбек халқынан бұл атаққа 67 адам, ал бауырлас түрікмен, тәжік және қырғыз халқынан шыққан барлық батырлар санын қосып есептегенде Ұлы дала ерлеріне жете алған жоқ. Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылып, бірақ ол түрлі себептермен берілмей қалған қаһармандарымыз да болды. Ұлы Отан соғысының даңқты сұрмергені – Ыбырайым Сүлейменов осындай ерлердің бірі еді. Батырдың биік тұлғасы да, ғажайып ерлігі де туған халқымен мәңгі жасайтын болады. Редакциядан
Оқиға • 29 Қаңтар, 2021
«Qasym» кітаптарына сұраныс жоғары
Былтыр кітапсүйер оқырманның қолынан түспей оқыған һәм кітап дүкендерінде де көп сатылған «Qasym kitaphanasy» сериясымен шыққан кітаптар болды.