Кәсіпқой бокс • 29 Қаңтар, 2021
Үшінші жекпе-жегіне дайындалуда
Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны, әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев ақпан айында өзінің кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегін өткізбек. Бұл туралы боксшының өзі мәлімдеді.
Футбол • 29 Қаңтар, 2021
Бірер күн бұрын Швейцарияның Ньон қаласында УЕФА Жасөспірімдер лигасына қатысатын командалардың жеребе тарту рәсімі өтті. Аталған додада биыл «Қайрат» клубының жасөспірімдер командасы бақ сынайды.
Ғылым • 29 Қаңтар, 2021
Отандық вакцина оң көрсеткіштерге ие
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында отандық вакцинаны салдыратынын мәлімдеді. Бұл – отандық ғалымдардың еңбегіне деген сенімділік. Десек те қоғам арасындағы өз өнімімізге қатысты кейбір пікірлерге қарап үміттен гөрі күдік басым екенін көреміз. Ғылым мен әлеуеті шетелдіктермен теңдей ғалымдарымыздың насихаты жетпей жүрген шағында олардың тәжірибесіне деген сенімсіздіктің тууына түсіністік танытқан да жөн шығар. Ал осындай олқылықтың орнын толтыру көкейдегі көп сауалға жауап іздеуден басталады. Сондықтан біз клиникалық зерттеудің соңғы сатысында сынақтан өткізіліп жатқан QazCOVID-in вакцинасын әзірлеуші топтың жетекшісі, Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы Күнсұлу Закарьяны аз-кем сөзге тарттық.
Ғылым • 29 Қаңтар, 2021
Карантин кезінде ауа тазарды ма?
Әлемді жайлаған қауіпті індет елімізге жетіп, жағдай ушыққанда бәріміз «інге тығылған тышқанның» күйін кештік. Үйде оқшаулануды әлемде локдаун (lockdown – адамдар немесе қоғамдастықтың өзіне яки өзгелерге қауіп төндірмес үшін өз орнында болуын талап ету, болмаса қатерлі аймақтарға емін-еркін кіріп-шығуын шектеу саясаты) деп атайды. Сол локдаунда біз үйден шықпай отырсақ, ғалымдар зертханада жүріп, көшеде көлік пен адам аяғының азаюынан ауаның қаншалықты тазаруы мүмкін екенін зерттепті.
Оқиға • 29 Қаңтар, 2021
Тауда Алматы қаласында ұйымдастырылған «Мен де жұлдыз боламын!» атты республикалық байқауда бақ сынаған қарағандылық жас әнші Асылайым Болатқызы жүлделі екінші орын алып, Түркияда өтетін халықаралық конкурстың жолдамасына ие болады.