Қоғам • 01 Қаңтар, 2024
Енді мобильді аударым бақыланады
Мобильді аударымдарды бақылау мәселесінің жыр болғанына екі жылдан асып кеткен шығар. Тиісті заң 2022 жылы қабылданған. Ол бойынша үш айдың ішінде бір карточкадан алынған аударым саны 100-ден аспауы керек.
Экономика • 01 Қаңтар, 2024
Жаңа экономикалық көрсеткіштер
Жыл басының өзгерістермен басталуы қашаннан дағдылы әдетке айналды. Бюджет есептеледі, мемлекеттік төлем көрсеткіштері өзгереді, соған сәйкес экономикалық, қаржылық межелер белгіленеді.
Еңбек • 01 Қаңтар, 2024
Еңбек нарығында жұмыстың ауыр-жеңілін талғамайтын құрыш білектілерге сұраныс жылдан-жылға жоғарылап жатқанын байқаймыз. Ірілі-ұсақ өндірісте тер төгіп жүрген еңбек адамдарының жалақысы өсіп, еңбек даулары біршама азайғанға ұқсайды. Еңбек құқықтары 100 пайыз қорғалып жатыр демесек те, басшы мен жұмысшы бірінші кезекте еңбек шарттарына мұқият мән беретін болған. Әрі былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек құқықтарына, қауіпсіздігіне, талаптарына қатысты бірнеше мәселені басшылыққа алып, оны үйлестіруді Үкіметке тапсырды.
Қоғам • 01 Қаңтар, 2024
Әлеуметтік төлемдер қалай өзгереді?
Жаңа қабылданған Әлеуметтік кодекс саланың әлеуетін біршама арттырды. Игіліктердің легі мұнымен тоқтамайды. Биыл да бұл салада оң өзгерістер көп. Әсіресе, әлеуметтік төлемдердің көлемі өспек.
Туризм • 01 Қаңтар, 2024
Түркі әлемінің туристік астанасы
Түркі әлемінің 2024 жылғы туристік астанасы мәртебесіне ие болған Түркістанға келушілер мен саяхатшылар саны жыл өткен сайын артып келеді. Туристік астана атану бұл саланың жұмысын дамыта түсуді қажет ететіні, жергілікті әкімдік пен тиісті мекемелерге үлкен жауапкершілік жүктейтіні мәлім. Осы орайда өңірде туризм саласы тарихи-танымдық, экологиялық және емдеу-сауықтыру бағыттарында дамып жатыр.