Руханият • 29 Қаңтар, 2021
Қап-қараңғы аспаннан бір жұлдыз ағып түсті, бірақ сөнбейтін жарқыраған жарығы қалды. Әлия Молдағұлова қазақ бесігінде тербеліп, қара домбыраның күйін қанына сіңіріп, елдің өткен-кеткен тарихымен сусындаған, өлмейтін қазына қайнарын томашадай жүрегіне шырағдандай жағып еді. Жиембет жыраудың ержүрек жары Есенқыздың ерлігін ұқты ма? Дала дауылпазы Махамбеттің көтерілісіне он бес жасынан қатысып, құралайды көзінен ататын мерген әрі ақын Алмажанның батырлық қасиетін кеудесіне ұялатып, берік тұтты ма? Тарих қойнауындағы қанды қырғындарда қазақ қыздары ерлермен бірге туған жерін қорғай білді. Олардың есімдері қап-қараңғы түндерде де жұлдыз болып жанып, ерлік пен елдіктің киесін ұқтырды.
Пікір • 29 Қаңтар, 2021
Саналы ғұмырын заңгерліктің қыр-сырын терең зерттеуге арнап, отандық құқық саласының дамуына орасан зор еңбек сіңірген Салық Зимановтың Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік механизмін қалыптастыруға қосқан үлесі ұшан-теңіз.
Парламент • 29 Қаңтар, 2021
Нотариус қызметі жетілдіріліп, цифрландырылады
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палатаның жалпы отырысында нотариустың қызметін жетілдіріп, цифрландыру туралы заң жобасы қабылданды. Соған сәйкес нотариус куәландырған құжаттар енді электронды мұрағатта сақталады. Ал нотариустардың өздері олардың электронды және қағаз нұсқаларының бірдейлігін куәландыра алады.
Теннис • 29 Қаңтар, 2021
Бүгінде қазақстандық және әлемдік теннис жұлдыздары Аустралияның ашық біріншілігіне қатысу үшін екі апталық міндетті карантинде жатқаны белгілі. Жылдың алғашқы ірі додасында бақ сынайтын теннисшілер үшін Аустралия билігі чемпионат алдындағы жаттығу іспетті арнайы Grampians Trophy турнирін өткізбек.
Спорт • 29 Қаңтар, 2021
Джокович Федерерден оза ала ма?
Теннисшілердің әлемдік рейтингі алғаш рет 1973 жылы жарияланды. Сол кезден бері жанкүйерлер АТР мен WTA тізіміне үнемі кз жүгіртуді әдетке айналдырды. Себебі осы жерде жарияланған мағлұмат арқылы әр жылдары кімнің қалай өнер крсеткенін аңғаруға болады. Үздіктер рейтингі әр апта сайын жаңарып тұрғанымен, көш басындағы ойыншылар сирек өзгереді. Осы сөзіміз дәлелді болу үшін төмендегі мәліметтерге жүгінейік.