Саясат • 01 Қаңтар, 2025
Жалпы, 2025 жыл белгісіздік, яғни алдын ала нақты өзгеріс болатын жағдайларды, оның ішінде қай салада қандай өзгеріс болатынын бөліп-жарып айтуға келмейтін кезең болмақ. Халықаралық саясаттағы трансформациялық сайлау, экономикалық құбылмалылық, жаһандық бейбітшілік пен өркендеудің болашағына қатысты белгісіздік басым болады. Дональд Трамптың АҚШ президенттігіне оралуы бүкіл әлемде резонанс тудырады. Оның болжамсыздығы, даулы саясаты және популизмге үндеуі бүкіл әлемде сезіледі.
Пікір • 01 Қаңтар, 2025
Ресми жыл басталарда «Өткен жыл несімен есте қалды?» деп сұрақ қоярымыз анық. Психологтердің пікірінше, адамның жадында көбіне ескі жылдың алабөтен және соңғы оқиғалары жатталып қалады. Осы тұрғыдан келсек, әлбетте, есімізде алапат тасқын суды еңсерген елдік қуатымыз, парасатымыз алға шығары сөзсіз. Сол сын сағаттарда бір ақсақал «Елдің күші – селдің күші» деп, табиғат апатына төтеп берердей бата берген еді. Мемлекет басшысының өзі бастап, қауіп-қатер мен қиындықтың өтінде жүргенде халық елдігімізге де, бірлігімізге де сенді. Ал жаз бен күз жалғасар тұста жылдам ақшаңқан үйлер, шағын аудандар тұрғызыла бастағанда мемлекет пен іскер азаматтар күш біріктірсе, шешілмейтін мәселе қалмайтынын өз көзімен көрді. Мұны Алаш заманында «Игілік қоғамы», «игі іс» дер еді.
Зерде • 01 Қаңтар, 2025
Қайраткердің 93 жыл бұрынғы суреті
Биыл көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, «Egemen Qazaqstan» газетінің тарихи редакторы («Еңбек туы», «Еңбекші қазақ» кезеңіндегі) Смағұл Садуақасұлының туғанына (1900–1933) 125 жыл толады.
Жәдігер • 01 Қаңтар, 2025
Әлихан Бөкейханның өлкетану мұрасы
Бұл мұра Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің Жазба дерек және ақпарат (фото-негатив, құжат) қорында сақталып келген өлкетанушы Л.Ф.Семёнов материалы ішінен шықты. Тапқан – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті тарих мамандығының докторанты, болашақ PhD Нұрлыбек Елкей. Ол Алаш қайраткері Хайретдин Болғанбайға қатысты деректер іздеп жүріп, аталған өлкетанушының «Материалы к характеристике памятников материальной культуры Акмолинского округа» (ҚР ҰМ, негізгі қор № 42571) атты топтамасынан осы жәдігерлікті байқап, сүйіншілеп «Egemen Qazaqstan» газетіне хабарласты. Материал орыс тілінде (мәшеңкеге басылған).
Экономика • 01 Қаңтар, 2025
Экономиканың нақты секторын дамытуға басымдық беріледі
Премьер-министрдің тапсырмасымен экономиканың нақты секторын дамыту мақсатында бірінші көшпелі кеңесті Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қарағанды облысында өткізді.