Медицина • 07 Қаңтар, 2020
МӘМС: өз мәртебесін анықтауға үш ай уақыт беріледі
Халқымыз үшін биылғы жылдың басты жаңалығының бірі – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың (МӘМС) енуі. 1 қаңтардан бастап енгізілген жүйе медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын жақсартуға бағытталғаны белгілі. Кеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде жаңа жүйеге арналған баспасөз мәслихаты өтті.
Экономика • 07 Қаңтар, 2020
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауда қандай өзгеріс бар?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында АӘК алу жүйесін ашық, әділ және ең бастысы еңбекке жұмылдыруға ықпал ететін жүйеде құруды тапсырған болатын. Сонымен бірге аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған кепілдендірілген әлеуметтік пакет енгізуді де жүктеді. Осыған орай Парламент депутаттары атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудың жаңа ережесін бекітті.
Экономика • 07 Қаңтар, 2020
Ауыл бюджетін аяққа тұрғызу маңызды
Биылдан бастап еліміздегі барлық ауыл дербес бюджет жүйесіне көшті. Тиісті заңда Жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін 2018 жылдан бастап халық саны 2 мыңнан асатын ауылдық округтер деңгейінде, ал 2020 жылдан бастап барлық жерде енгізу қарастырылған.
Қоғам • 07 Қаңтар, 2020
«Діні бар да, ұлты жоқ» жандар ел тұтастығына қатер төндіреді
«Діні бар да, ұлты жоқ, сақалы бар да, мұрты жоқ. Теке сақал, қырма мұрт, елдің түбіне сол жетер». Асыл діннің атын жамылып, түрлі ағымға байланған қандастарымыздың қатары көбейген сайын әулие Мәшһүр Жүсіптің осы бір ауыз сөзі бүтін бір ұлт тағдырын таразыға тартып тұрғандай көрінеді. Ықылым заманнан бері дін мен дәстүрдің арасына сына қағып көрмеген Алаш баласы ала тайдай бүлінетіндей не күн туды басына? Жоқ әлде, салтта – сабақтастық, дәстүрде жалғастық барын қаперімізден шығарып алғанымыз ба?
Қоғам • 07 Қаңтар, 2020
Қыс келіп, күн суыта бастағаннан-ақ түз тағыларының шаруаларға тыным бермейтін әдеті. Әулиеатаның қары қалың, қысы аса қатал болмаса да бұл мезгілде ит-құстың ашығатыны бар. Мұндайда түз тағысы төрт түлік малға тұтқиылдан келіп ауыз салады. Әсіресе қыстауда отырған малшылар үшін бұл – бас ауыртатын мәселелердің бірі. Қыстан қалай шығудың қамын күйтӨтеп жүрген шаруаларға мұның оңай тимейтіні анық.